Ғылыми жұмыс Қазақ халқының дәстүрі мен әдет ғұрпы



Дата08.02.2022
өлшемі32,18 Kb.
#121309
Байланысты:
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЫРЫСТЫ
cоңғы қоңырау, Мерген. би 0имылдарыdocx, план 2-класс черновой, 1547724866, «География» п нінен то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан сп, 1569731742-ZhB-BZhB-Zharatylystanu-6-synyp, 1571800633-KTZH-Geografiya-10-synyp-zharatylystanu-matematikalyk-bagyt, ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЫРЫСТЫ, реферат, Құрмалас сөйлем, Құрмалас сөйлем, 8 сынып гео ҚМЖ130[1], Научно-иследовательская работа.Письменная часть., 1549816760 (1)

Ғылыми жұмыс
Қазақ халқының дәстүрі мен әдет ғұрпы
Зерттеу бағыты: Өркениеттің дамуына байланысты қазақ халқының салт-дәстүріндегі өзгерістер.
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

  1. Отбасылық дәстүр – бесік салу туралы түсінік

  2. Бесік салу ережелері

  3. Отбасылық дәстүр – тұсау кесу туралы түсінік

  4. Тұсау кесу ережелері

  5. Қоғамдық дәстүр – наурыз мейрамы туралы түсінік

  6. Наурыз мейрамының шығу тарихы

  7. Бұрыңғы және қазіргі салт – дәстүрдін заман ағымына байланысты өзгеруі

  8. Салт- дәстүрімізді сақтау жолдары

III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе


Салт – дәстүр дегеніміз атадан балаға жалғасып отыратын тұрмыстық, әлеуметтік ұстанымдар. Дәстүр адамдардың іс-әрекеттерін, өмірлік көзқарастарын, рухани болмыстарын реттеу мәселесінде негізгі рөл атқарып, тәрбие негізін қалауға көмектеседі. Біздің қазіргі қоғамда қолданылып жүрген қазақтың әдет ғұрыптары мәңгілік өмір сүру құқығын алған салт – дәстүрлер деп айтуға толық негіз бар.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері ата – бабаларымыздың тіршілік кәсібіне, наным – сеніміне, дүниетамына орай туындап отырған. Оларды қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық – әлеуметтік дәстүрлер деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Осындағы отбасылық дәстүрлерге баланың дүниеге келуі, бесікке салуы, тұсау кесуі мәселесі жатады. Ал қоғамдық – әлеуметтік дәстүрлерге бүкіл ауыл болып өткізетін әдет ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы наурыз мерекесі, діни мейрамдар, бәйге, тағы да басқалары жатады.
«Ата салтың – халықтың қалпың» демекші, өз ұлтымыздың қадір – қасиетін, ой өрісін танытатын салт – дәстүрлерімізге мейлінше құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың елдігіне сын. Қазақ елін өзге жұрт сыйлап, бағаласын десек, ұлттық салт- дәстүрімізді ардақтай білейік, асқақтай білейік. Ертеңгі ұрпағымыз ұлтжанды, отаншыл болып өссін десек, ата-дәстүрімізді ардақтауды үйретейік. Кейін өкінбеу үшін жеткіншектеріміздің бойына ұлттық тәрбие нәрін ертең емес, бүгін сіңірейік.
II. Негізгі бөлім

Қазақ халқы салт – дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н. Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», деген. Демек салт – дәстүрлі ел, мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан – ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегені әдет – ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт –сана сабағы адамгершілік тәрбиесіңің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті.


Отбасылық дәстүр – бесік салу туралы түсінік:


Бесік – қасиетті,киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
«Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай – ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды.
Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі шорт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің мынадай құрал – жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау тағы да басқалары. Бала белгілі бір уақытта бесіктен шыққысы келеді. Бала бұл шамаға келген соң бесікті аса қадірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Бесікті қазақ құрметтейтіні,сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Әсілі қазақтың туған жерін алтын бесікке теңеуі осы ардақтаудан шыққан болар.
Бесік салу ережелері:
Баланы бесікке салмастан бұрын оны міндетті түрде аластайтын болған. Яғни жаман күштерді қуған. Егер Оңтүстік Қазақстанда дәстүрлі түрде бұл мақсатта адыраспанды пайдаланса, ал Жетісуда бесікті, оның кейбір бөліктерін күйдіре отырып қызған темірмен аластаған. Солтүстік өңірде тұзбен, шырпымен тұтатып аластаған. Содан кейін «тыштырма» жасап бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.
Әлди – әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Қуып ойдың жетігін,
Білім ғылым тетігін,
Ғылым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің?
Сәби тәрбиесі мен мінез құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкіре көзін ашады, жан – жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл – күйін көтереді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес.

Отбасылық дәстүр – тұсау кесу туралы түсінік:


Тұсауыңды кесейін,


Күрмеуіңді шешейін.
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз – қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп «Тұсау кесер» жасайды. Тұсау кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртіп, шашу шашады. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. Мысалы:
Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Тұсау кесу ережелері:
Ол мына тәртіппен өтеді: «ала жіп» (қызыл, қара, ақ жіптерден өрілген) -ұрлық жасамасын, ешкімнің ала жібін аттамасын, жасыл көк шөппен есіп жасаған – көгере берсін деген, малдың тоқ шегімен – өріп бай болсын деген ырыммен тұсауын кескен. Тұсау кескен кезде баланың екі аяғына тұсамысша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.
Қоғамдық дәстүр – наурыз мейрамы туралы түсінік:
Наурыз – шат шадыманды ойын – сауық, той басы. Бұл ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша 22 наурыз күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі , айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурыз мейрамы бұрын 8 – 9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын, той. «Қазақтың қазақ болғаны өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы. Осы күні наурыз мейрамына арналған кітап ақсақалдарға оқытылатың. Наурыз жайын ұқтыратын кітаптың атын «Салдама» дейді. (Мәшһүр Жүсіп). Наурыз тойында қыз жігіттер жиналып бас қосып «ұйқыашар» әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды. Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арналып жылы жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады. Бұлардың соңы келер күні « наурыз көжеге» жалғасады. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірліккке шақырады. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.

Наурыз мейрамының шығу тарихы:


Наурыз – көне мейрам. Көне парсы тілінде нава – жаңа, рәзаңһ – күн, екеуін қосып айтсақ «жаңа күн» мағынасын береді, яғни түпкі мағынасы «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», татарлар «нардуган» армяндар « навасарди» деп түрліше атаған. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 64 – қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында бұл мереке бұрынғыдай тойланғанымен, кейін 1926 жылы бұл «діни мейрам», «ескілік сарқыншағы» деп танылып, жаппай тоқтатылды. Дегенмен де Қазақстанның көп аумақтарында Наурыз мерекесі жасырын түрде тойланып жүрді. Сөйтіп, ақыры 1988 жылдан бастап Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпы халықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.


Бұрыңғы және қазіргі салт – дәстүрдін заман ағымына байланысты өзгеруі:


Қазіргі заманның ағымына байланысты бесікті құрметтеу төмендеп бара жатыр. Жағымсыз заттарды көп пайдаланады. Бесіктің орнына төсекке жатқызады. Бесікті өз шаңырағынан емес, нағашы жұрттар әкелетін болған. Соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек.
Ертеде тұсау кескен кезде де баланы дөңгелетіп отырған үлкендердің жанынан жетелеп өткізіп, бата алатын, ал қазір ақ мата жайып бас жағына әр түрлі заттар қояды. Мысалы: ақша, кілт, кітаптар жатады. Баталы құл-арымас, батасыз құл жарымас», бата алғанға еш нәрсе жетпейді.
Қазіргі уақытта Наурыз тойының өтуі, қаңтарда өтетін жаңа жылмен салыстырғанда өте төмен дәрежеде. «Алты жыл аш болсанда, ата салтыңды ұмытпа» - деген. Келер ұрпаққа бұл әлсіздікті көрсетпейік, жандандыру керек. Өз туымыз, елтаңбамыз, ән ұранымыз, салт – дәстүріміз еш уақытта ұмытылмасын, жойылмасын. Отан отбасынан басталады.

Салт- дәстүрімізді сақтау жолдары:


Ағымға байланысты өзгеріс болғанымен негізгі дәстүріміз сақталу керек. Салт – дәстүріміз туралы отбасымызда ата – ана, ата – әже, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді.


III. Қорытынды


Қазақ халқымыздың отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттері осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында : «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», деп жазды. Олай болса,әдет ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.


Дана халықтың өзі жасаған осы әдет – ғұрып пен жөн – жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол.
IV. Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Қазақ салт – дәстүрлері» Әлижан Тауұлы 2017 жыл

  2. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» Сейіт Кенжеахметұлы 2010 жыл

  3. «Қазақтың ежелгі әдет – ғұрыптары» Қ. Тәкежанұлы 2005 жыл

  4. «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» С.Әжіғали 2005 жыл

  5. «Қазақ мақал – мәтелдерінің алтын кітабы» Ж. Салихұлы Кейкін 2016 жыл

Ү. Аннотация

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақтың салт- дәстүрлері» деп аталады. Уақыт өтіп, заман мен адам өзгерген сәтте, бабалардан қалған осы «Дала заңдарын» біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан балаларға қатысты дәстүрлер жайлы кішігірім мәліметтерді бере кетуді жөн көрдім. Жалпы халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. «Бала бауыр ет», «балалы үй базар» халқымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұрпағына «бесік жыры» арқылы сіңдіріп отырған.
Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ салт- дәстүрерді зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім.

ҮІ. Аннотация
В своей научной работе «Қазақ салт- дәстүрлері» я написала о том, что казахский народ свято чтит унаследованные от предков обычаи и традиции.
Уважительное отношение к старшим –положительная черта казахского народа. Все эти традиции и обычаи которые я описала, помогают старшему поколению воспитать подрастающее поколение.
В своей работе я сделала акцент на том, как данные традиции и обычаи применяются в современное время.


Лицензия

Самат Ырыстының ғылыми жобасының мазмұны өте жақсы. Қазақ халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар екенің көрсетті .


Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Баланың туғаннан бастап салт – дәстүрлермен бірге өсетінің көрсетті.
Әр салт- дәстүрлерге жеке –жеке тоқталып өтті.
Тасты жалпы білім беретін орта мектебінің директоры: А.А. Қойгельдина



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет