Абай философиясындағы адам мәселесі



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі341,42 Kb.
#121897
  1   2
Байланысты:
бөж 7 ТМО 20-12 РАХМАТУЛЛАЕВ АЗИЗБЕК
35160959, 6 ЖУМЫС ДАПТЕР,Береке, Scientific 18-29 Ахметқалиқызы Камилла, Scientific 18-29 Ахметқалиқызы Камилла, Презентация (1), Әлеуметтану Рахматуллаев Азизбек ТМО 20-12, Сандар теориясы кітап (4), 00021be6-4bfb518c

Абай философиясындағы адам мәселесі


Дайындаған: Рахматуллаев Азизбек ТМО 20-12

Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті

  • Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті

Кіріспе
  • Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
  • Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу.
  • Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. 
  • Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді.
  • Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. 
  • Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет