III. Жыныс жасушаларының. Олардың даму барысындағы негізгі кезеңдері.
Сперматогенез: Сперматогенез негізгі 4 кезеңнен тұрады:
Олар: көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері.
көбею стадиясында жас жыныс жасушалары митоз арқылы бөлінулерге ұшырап, аталық жыныс жасушалары пайда болады. Осы клеткалардың кебірі әрі қарай митоздық жолмен бөлінуін жалғастырады, ал кейбіреуі өсу стадиясына көшеді.
Овогенез: Аналық жыныс клеткаларының дамуы овогенез деп аталады.
Овогенездің негізгі 3 сатысы бар: Көбею өсу және пісіп жетілу.
Осы стадияларда кезекпен ооогониялар, біріншілік оооциттер, екіншілік оооциттер және пісіп жетілген оооциттер жетіледі. Біріншілік ооциттерден бір дана жұмыртқа жасушасы дамиды. Және сол кезде үш редукциялық денелер қалыптасады. Олар кері дамып ыдырап кетеді, оларды сонымен қатар бағыттаушы денешік деп те атайды.
Осылайша сперматозоид пен овоцит қосылғанда, ұрықтану пройесі жүреді.
Ұрықтану 2-і түрге бөлінеді:
1. Сыртқы ұрықтану сыртқы
ортада өтеді (балықтар);
2. Ішкі ұрықтану сүтқоректілер,
адам.
26. Зигота. Зиготаның құрылысы, цитоплазманың өзіндік ерекшеліктері , зиготаның геномы. ( 100%) Зигота- аталық пен аналық жасушалардың қосылуынан пайда болатын бір жасушалы ұрық. Зиготаның хромосамалары диплоидты болып келеді.
Зиготаныңтүзілуінің2түрібар: 1. Пронуклеустердің ядролық мембранасының қосылу жолы синкарион (теңіз кірпісі).
2. Ядролық мембрананың бұзылысынан кейін, хромосоманың бірігуі –
сингамия (сүтқоректілер,адам.)
1. Әр гаметаның хромосомаларының гаплоидті жиынтығында кездесетін
гендік материалы геном деп аталады. Екі гаметаның геномдары қосылып,
зиготаға гендік материалды береді. Аналық пен аталық гаметалардың геномдарының бірігуінен генотип қалыптасады.
2. Спермотозоидтар овоцитке еніп, центромералары екіге бөлініп, полюске
қарай ажырай бастайды. Араларынан митоздық жіпшелер өсіп шығып, осы
жерге яғни экваторына аталық,аналық хромосомалар тізіліп орналасып,
метафазалық жұлдыз құрайды.
3. Осы кезде зиготаның цитоплазмасында бөлшектену жүреді,яғни овоцит
цитоплазмалары бөлек аймаққа кетіп қалады. Осыдан ары қарай мүшелер
дамып, дамудың келесі сатыларына өте береді.