130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте



бет91/115
Дата08.06.2023
өлшемі5,68 Mb.
#178440
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
Байланысты:
130 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ҚМЖ 1

«Оқы» айдары
(Ө) 2. «Ғажайып бақ» ертегісінің жалғасын түсініп оқу.
Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды.
ҚБ: Бірін-бірі бағалау
Сөздікпен жұмыс
Байлам – шешім
Қабақтарында кірбің бар – реніші, уайымы бар
Жұпыны – жүдеу, ескі
Жүгіну – даудың немесе мәселенің шешіміне ақыл сұрау
«Бағала» айдары
«Микрофон» әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды.
1. 3. Алғашқы екі шәкірттің сөзін оқып, баға бер.
2. 4. Үшінші шәкірт сөзін оқып, оған қандай сұрақ қояр едің?
3. 5. Қарияға үш шәкіртінің сөзі неліктен ұнамады?
4. «Пікіріңді айт» айдары
5. - Бесінші шәкірт болсаң сен қандай шешім айтар едің?
(ТЖ) «Баяндама» әдісі бойынша мұғалім топқа мақалды
оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді
ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көрші
тобына береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не
сызбаларын қолдана отырып, осы мақал бойынша шәкірттің
сипатына «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым
кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы
жеңімпаз болады. (Мысалы: «Ақыл – жастан, асыл – тастан»)
«Ізде» айдары
8. Қарияның сөзінен мақалға лайықты сөзді тауып оқиды.
Дескриптор: Лайықты сөз табады.
ҚБ: Бірін-бірі бағалау
«Қорытындыла» айдары
Саралау тапсырмасы.
9. Ертедегі жағымсыз кейіпкер бар ма?
10. Ертегіге басқаша қандай тақырып қоюға болады?
Дескриптор: Сұраққа терең мағынада жауап беру
ҚБ: «3 шапалақ» әдісі арқылы баға беру

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.


Сергіту: Мақалдың сыңарын тап.

1. Мұғалім: Оқусыз білім жоқ
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,
Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.
5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Сабақтың соңы

«Блум түймедағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Ертегі несімен ұнады?
2. Анықтаушы сұрақ. Ертегіде жағымсыз кейіпкер бар ма?
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен төртінші
шәкірт жауабы барлығына ұнады?
4. Шығармашылық сұрақтар. Мен шәкірт болсам, жауабым
былай болар еді...
5. Бағалау сұрақтары. Бір жауап екінші жауаптан несімен
ерекшеленеді?
6. Тәжірибелік сұрақтар. Ертегіге басқаша қандай тақырып
қоюға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет