(Т) «Түсініп оқы» айдары«Джигсо» әдісі бойынша жүзеге асырылады. «Туған жер» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы
1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес
бөлікті оқиды. Басты мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу.
Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы
құрылады. Мақсаты – тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру. Бастапқы топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін
баяндайды:
- тірек сөздер кестесі;
- мәтін жоспарының сызбасы;
- кластерлер;
- мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар
арқылы түсіндірулері мүмкін.
Дескрипторы: 1. 1. Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.
2. 2. Мәтін мазмұнын топта талқылайды.
3. 3. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Құндақ, ризық, маңғаз, сайып келгенде сөзінің мағынасын ашу.
Құндақ – сәбиді жаялыққа сап, жұмсақтап ораған бөлеуі, жөргек Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс Сайып келгенде – қорыта айтқанда «Дәлелде» айдары бойынша «Қосжазба күнделігі» әдісі арқылы мәтіннен берілген үзіндінің мағынасын ашады.
Мақсаты: Берілген үзіндіні өз сөзімен шығармашылық
тұрғысынан түрлендіріп жеткізуге мүмкіндік беру
Тиімділігі: Оқушылардың кез келген шығарманың үзіндісін өз сөздерімен түрлендіріп жеткізе алу дағдыларын арттырады.