Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция



Дата06.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134567
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция
angliyskiy yazyk, 1551092831, Геометрия 10-11 сынып ЖМБ фев 2019 105приказ, Баяндама, 1-сaбaқ







ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ККТМ 3221 Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәні бойынша


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

(6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері үшін)


ШЫМКЕНТ


Қайырбекова Ұ.Ж.


Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәні бойынша 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының студенттеріне өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Шымкент, 2022 ж. -67 бет.


Пiкiр жазғандар:
Байғұтова Д.Н. - филология ғылымдарының кандидаты, доцент


Танабаев Ғ.Ө. - филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Бұл әдістемелік нұсқау 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттерге «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен жүргізілетін лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ сабақтары бойынша орындалатын тапсырмаларға басшылық жасайтын құрал ретiнде ұсынылып отыр.

Қайырбекова Ұ.Ж., 2022 ж.
© Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 2022 ж.


Алғысөз
«Қазіргі қазақ тілі» жоғарғы оқу орындарында көптен оқытылып келе жатқан міндетті пән. Ал «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні зерттеу нысаны анықталған, өзге пәндерден ара-жігі ажыратылған, зерттеу тәсілдері белгіленген курс болып табылады және филолог маманның кәсіби қызметінің ерекшелігін, мәнін ашуға көмектеседі, оқыту үдерісінде алған білімін байқататын негізгі қолданыс салаларына қажетті пән, жоғары біліктілікті, сонымен қатар бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» курсы қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттеу, түсіндіру арқылы қазақ тілі грамматикасының ұғымдық-категориялық аппаратын студенттердің меңгеруіне, сапалы білімнің және игеріп жатқан мамандығы туралы түсінігінің қалыптасуына ыңғайлы етіп құрастырылған, болашақ маманның кәсіби қызметіне деген жауапкершілігін қалыптастырады. Пәнді оқу кезінде студент:
- гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі морфологиялық лингвистика-сының рөлі мен орнын көрсететін, морфологияның қазақ тілі өзге салаларынан айрықшалайтын терминдер мен ұғымдарды ажыратуы тиіс
- оқу үдерісінде алған білімін қазақтың ғылыми тілінде еркін баяндап бере білуі керек;
- лингвистикалық морфологияның теориялық мәселелерін және өз ойын еркін жеткізе алуды білуі тиіс;
- морфологиялық лингвистикасының терминдері мен ұғымдарын талдауды меңгеруі қажет;
- алған білімін тәжіриебе жүзінде іске асыруды, еркін оқып, түсінуді меңгеруі қажет;
- лингвистикалық ұғымдар мен терминдерді, морфологияның универсалды ұғымдары мен заңдылықтарын меңгеруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет