14-апта. Балалармен әлеуметтік жұмыстағы психологиялық практика


Әлеуметтік қорғауды қажет етуші балалардың негізгі категориясы



бет2/3
Дата08.05.2020
өлшемі65,5 Kb.
#66719
1   2   3
Байланысты:
14-апта Б.П әл.жұмыс

1. Әлеуметтік қорғауды қажет етуші балалардың негізгі категориясы.
Әлеуметтік-педагогикалық қорғауды қажет ететін балалар тобына мүгедек-балалар, жетім балалар, ата-анасынан қараусыз қалған балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, қадағалаусыз қалған балалар және т.б.

Мүгедектік латын сөзі «инвалид» аударғанда «жарамсыз» деген мағынаны білдіреді. Мүгедектік  бұл ауру, жарақат т.б. әсерлердің салдарынан тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері шектеліп келумен сипатталады. Мүгедектіктің қазіргі мағынасы аурулардың, жарақаттар нәтижесінде денсаулығы бұзылған, соның кесірінен өмірлік іс-әрекеттері шектелген және әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет ететін адам дегенді білдіреді.


Мүгедектіктің негізгі белгісі сырттай өмірлік іс-әрекеті шектелуден көрінетін (өзіне-өзі қызмет көрсетуден толықтай немесе жартылай айрылған, өз бетімен қозғала алмайтын, қарым-қатынас жасай алмайтын, өз мінезін қадағалай алмайтын, оқи және еңбек ете алмайтын) денелік ресурстардың жетіспеушілігі бар тұлғалар.
Мүгедек-балалар категориядағы жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мақсаты:

 

мүгедек балалардың жас ерекшелігіне сәйкес өмір сүруге деген мүмкіндік жағдайын қамтамасыз ету;



Баланы қоршаған ортаға және қоғамға өзіне-өзі қызмет көрсетуді оқыту дағдысы арқылы максималді түрде бейімдеу;

қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру, кәсіби тәжірибелер білімін жинақтау;

мүгедек балалардың ата-аналарына көмек ету.

Балалардағы мүгедектілік өмірлік жағдайындағы мәнді шектеулерді білдіреді. Ол дамудағы бұзылыспен, өз-өзіне қызмет жасаудағы, қарым-қатынастағы, оқудағы, болашақта кәсіби дағдыларды игерудегі кедергілермен негізделген әлеуметтік бейімделмеушілікке (дезадаптация) әкеледі.


Мүгедек балалармен әлеуметтік тәжірибені меңгеру, олардың қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі қоғамнан белгілі-бір қосымша шараларды, тәсілдер және күш-жігерді талап етеді. Бірақ бұл шаралар әлеуметтік оңалту үрдісінің мәніне, міндетіне, заңдылықтарына негізделіп жасалуы керек. Нақты бұл категориядағы балалармен іс-тәжірибелердің жинақталынуы әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыру базасы болуы мүмкін. Алғашқыда белгілі мәселелерді жалпы деңгейде белгілесе, сосын оларды жекелей көріну сипатына қарай диагностикалайды. Мұндағы ең негізгі күрделірек жасөспірімдер мен жастардағы тәуекел жағдайын растау сандық және сапалық жағдайлардың үнемі өзгеруімен сипатталынады.

Жетім балалар қатарына ата-анасының екеуі немесе біреуі қайтыс болғандар жатады. Бұл категориядағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны өзіндік мәні мынадай: ең алдымен осы топқа жататын балаларды анықтау; олардың құқығын қорғау; жетім балаларды оқыту және тәрбиелеу әлеуметтік жағдайларын үнемі қадағалап бақылау; әлеуметтік реабилитациялау мен бейімдеу, оларды оқуға, еңбекке орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесу.

Ата-анасынан қараусыз қалған балалар қатарына ата-анасының біреуі немесе екеуінің болмауымен байланысты немесе олардың ата-ана құқығынан айырылғандар, ата-ана құқықтарынан шектелгендер, ата-ана екендігін мойындаудан қалыс қалғандар, ата-ана болуға қабілетсіздер, ата-аналарының емдеу орындарында, бостандығынан айыру жөніндегі тергеу орындарында болуы, ата-аналарының қылмыс жасағаны өз балаларын емдеу, тәрбиелеу, тұрғындарды еңбекпен қамту мекемелерінен және басқа да мекемелерден алуға қарсылық білдіргендер жатады. Бұл категориядағы балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік педагог өз жұмысында асырап алу және қамқорлық жасау органдарымен тікелей байланыс жасай отырып міндеттерді шешеді. Әлеуметтік педагог заңға сәйкес баланы алдағы уақытқа тәрбиелеуге дайындау іс шараларына қатысады.


Асырап алу және қамқорлық жасау органдарының қызметі кең ауқымды болып келеді. Онда отбасылық кодекс төмендегідей сұрақтарды қарастырады.
- балалар туралы ақпарат алу;
- жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде олардан өтініш қабылдау;
- балалардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін басқа адамдардан және ата-анасынан баланы алу;
- отбасындағы тәрбиеде бала құқығын қамтамасыз ету, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты талас, дау-жанжалдарды шешуге, баланың атын, фамилиясын өзгертуге қатысу;
- әкесінің өтініші бойынша әке болуға келісім беру;
- жасөспірімнің ата-анасымен байланыс жасауына келісім беру;
- отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты таластарды шешуде сот ісіне қатысу;
-  ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы хабарлау;
- отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты іс бойынша сот шешімін орындауға қатысу.

Ата-анасынан қараусыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеуге (асырап алуға немесе отбасына қабылдауға) болады, ал мұндай жағдай болмағанда – жетім немесе ата-анасынан қараусыз қалған балалар лайықты мекемелерде тәрбиеленеді. Мұндай мекемелерге жалпы білім беру мекемелері (жетім балалар және ата-анасынан қараусыз қалған балалар ғана оқытып тәрбиеленеді); тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамту орталықтары (балалар үйі-интернаттар, мүгедек балаларға, ақыл-ойы баяу дамыған балаларға және физикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған интернаттар, балаларға көмек етуге арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік приюттер); денсаулық сақтау мекемелеріне (балалар үйі) және заңға сәйкес басқа да мекемелер қызмет етеді.


Жетім балалар дүниеге келгеннен бастап үш жасқа дейін балалар үйлерінде тәрбиеленеді. Үш жасқа толғаннан кейін жетім балалар мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар үйіне, физикалық және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы интернаттарға, жасөспірімдер мен деликвентті балаларға арналған жабық түрдегі интернаттарға жолданады.

Бұл мекемелердегі әлеуметтік педагог балаларға арнап картотека жүргізеді, олардың даму ерекшеліктерін талдап саралайды, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, әр баланың қалыпты дамуына жағдай жасау бағытында жұмыстанады. Әлеуметтік педагог тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру жөнінде (мамандықтар туралы таныстыру), олардың өз құқықтары жөнінде сауатты білуіне, түлектердің үй жағдайынан сыртқы ортаға, өзіндік дербестік өмірге бейімделе алуға көмектеседі. Әлеуметтік педагогтің ерекше қызмет бағыты-баланы туған үйіне немесе асырап алатын отбасына орналастыру жолдарын іздестіру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет