Бектенова Қ.Т пәні математика, тақырыбы: «Қайталау. Ауданды өлшеу. Тік төртбұрыштың, шаршының ауданын табу», сыныбы 3б. Сабаққа қысқаша талдау: сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың топпен жұмыс жасап, сұрақ- тапсырмалардың жауабын іздену барысында орындауға бағытталған. Геометриялық фигуралардың ауданын табуда оқушылар қызығушылықпен жұмыс жасады.
Сулейменова Қ.О пәні әдебиеттік оқу,тақырыбы: «Кедей», сыныбы 3Ә. Сабаққа қысқаша талдау: сабақ ертеде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық заманы, кедейлік туралы өтті.Сабақ барысында сынып оқушылары топқа бөлініп отырғызылды. Әр топ берілген тапсырмаларды талапқа сай орындады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды, белсенділік таныта алды. Мұғалім сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |