Дәріс 5 Дендрология



Дата09.05.2022
өлшемі87 Kb.
#142559
Байланысты:
Дәріс 5 Дендрология
9 сынып олимпиада, Дәріс 5 Дендрология, Дәріс 5 Дендрология, Дәріс 5 Дендрология, Дәріс 5 Дендрология, Дәріс 5 Дендрология

Дәріс-5
Тақырыбы: Жабық тұқымдылардың жүйесі және сипаттамалары. Бөлімнің жалпы сипаттамасы. Жабық тұқымдылар (Magnoliophyta немесе Angiospermae)
Мақсаты: Жабық тұқымдылар жүйесі, қос және дара жарнақтылар бөлімін, оларға кіретін кластарды білу.
Сұрақтар:
1. Жабық тұқымдылар бөлімі
2. Шамшаттар, Қайыңдар тұқымдастары
3. Шегіршін, Орман жаңғақтар тұқымдастары

Жабықтұқымдылар немесе гүлділер өсімдіктер әлемінің ең көлемді


бөлімі болып табылады. Ол 390 артық тұқымдастыққа, 13 мыңға жуық
туысқа жататын, 24 мыңнан кем емес түрлерді қамтиды. Эволюцияның ерекше бұтағы ретінде, жабықтұқымдылар, кеш бор дәуірінде 120 млн жыл бұрын, тұқымдық қырыққұлақтардан тараған. Қазіргі жіктеуші-эволюционистердің көпшілігі (мысалы Тахтаджян, 1987) гүлділердің ең алғашқы мүмкін таралу орталығы деп Оңтүстік–Шығыс Азияның субтропиктік таулы аудандарын атайды. Жалаңаш тұқымдылармен салыстырғанда жабықтұқымдыларда бірқатар жаңа тіршілік формалары (бұтақшалар және жартылай бұтақшалар, жартылай бұтақтылар, шөптер), пайда болды өсінді көбейюлер және жанданулар кең етек алды, ал әр түрлі табиғи аймақтардағы климаттық жағдайлардың маусымдық өзгерістеріне ойдағыдай бейімделуі, жалаңаштұқымдыларға тән емес, әр алуан феноырғақтар мен фенологиялық формаларды дайындауға мүмкіндік берді (төменде жапырақты ағаш
тектестердің сипаттамасынан байқаңыз). Тұтас айтқанда, гүлді өсімдіктер
жалаңаштұқымдыларға қарағанда, эволюциялық дамудың жоғары сатысына
жеткен деуге болады.
Барлық жабықтұқымдылар 2 класқа бөлінген: қосжарнақтылар және
даражарнақтылар.
Қос жарнақтылар (Magnoliopsida) тұқым ұрығында 2 тұқым жарнағы
болуымен, өткізгіш шоқтарының ашықтығымен, негігі тамырдың бүкіл
тіршілік бойы сақталуымен, жапырақтарының тор көзденіп, гүлдерінің бес,
төрт, екі немесе көп түртекті құрылысы болуымен сипатталынады. Бұл
класқа жабықдәнді өсімдіктердің 180 мыңға жуық түрі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет