15 қаңтар 2014 жыл. І кезең, 2 сабақ, 36 каб. Сыныптан тыс шараның тақырыбы



Дата17.06.2018
өлшемі18,73 Kb.
#43004

Сыныбы: 10 «А»

Күні: 15 қаңтар 2014 жыл. І кезең, 2 сабақ, 36 каб.

Сыныптан тыс шараның тақырыбы

Мемлекеттік тілді білу – парызың.


Мақсаты



Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Күтілетін нәтижелер

А. Қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйренеді, қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

В. Сұрақтарға тез, дұрыс жауап бере алады, жұмбақтарды шешу арқылы білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейтеді.

С. Тақырып бойынша эссе жазып, әңгімелейді.

Керекті жабдықтар


Интербелсенді тақта (компьютер), видеоподкаст, сигналды кәртішкелер, тапсырмалар жазылған ресурстар, рефлексия парағы, бағалау парағы, смайликтер.

Шараның өту барысы:

Шара кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе


Ұйымдастыру. Амандасу.

1. Тренинг (шараның эпиграфымен танысып, талдап, дұрыс, тез айтып жаттығу)
2. Топқа бөлу.

(Парыз сөзінің синомін анықтап, сол синоним сөздер бойынша топқа бөлінеді)


1. Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады.

Шараның эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.



2. Оқушылар парыз, міндет, борыш сөздері бойынша топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

1. Кіріспе. (Мұғалімнің сөзі)

-Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы – мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.



2. Ой толғау. (видеоподкаст)

3. Сұрақ – жауап. (о – о)


2. Видеотүсірілімді тамашалау.

3. Видео материалы бойынша әр топ бір – біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы көрсетілімді талдайды.

Негізгі бөлім

Шара «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы өтеді, мынадай кезеңдерден тұрады:

1. «Бәйге». Сұраққа жауап бер – 5ұ.;

2. «Шешуін тап». Алфавиттік жұмбақ шешу – 10 ұпай;

3. Полиглот – 10*3 – 30 ұпай;

4. Сөз құру – 10 ұпай;

5. Тақырыптық әңгіме құру – 10ұ.;

6. Мақалды аяқта – 5*3 – 15 ұпай;

1-кезең. «Бәйге».

2-кезең. «Шешуін тап».

3-кезең. «Полиглот».

4-кезең. Сөз құру.
5-кезең. Тақырыптық әңгіме құру. (Топтар бір – бірінің жұмысын бағалайды, ол үшін оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін құрып алу)

6-кезең. Мақалды аяқта.


«Пилот және навигатор» әдісі қолданылады.

Әр кезең бойынша жинаған ұпайлары тақтаға жазылып көрсетіледі, топтар бір – бірін бағалайды және әр оқушы өз - өзін бағалап, бағалау парақтарын толтырып отырады.

Әр топ ұпайларын санап отыратын бір оқушыны және уақытты қарап отыратын таймкиперді анықтап алады.

1-кезең. Оқушылардың қолына сигналды кәртішкелер беріледі. Қай топтың оқушысы кәртішкесін бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса, басқа оқушылар жауап бере алады.

2-кезең. Оқушыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.

3-кезең. Оқушыларға жұмбақ жасырылған ресурс беріледі, топта жауабын тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.

4-кезең. «Мемлекеттік» сөзінен сөз құрулары қажет.

5-кезең. Әр топ өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.

Ұсынылған тақырыптар:

1. Менің отбасым;

2. Менің досым;

3. Менің мектебім;

4. Менің күн тәртбім;

5. Менің ауылым;

6. Қыста.

6-кезең. Бұл кезеңде мақалдарды аяқтау қажет. Әр топқа 3 мақалдан беріледі.


Қорытынды

1. Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
2. Рефлексия парағы.

3. Бағалау.

1. Сұрақтар барлық оқушыларға қойылады, жауабын білген оқушы кәртішкесін көтеріп жауап береді.

2. Әр оқушы рефлексия парағын толтырады (Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)

3. Смайликтер арқылы жалпы шараның өту барысын анықтау, талдау.

Шараның өзіндік талдауы.

Бүгінгі шара жоғары дәрежеде өтті. Өйткені оқушылар шараға белсенді қатысып, өздеріне сенімді болды. Мақсатына жетті, өйткені әр оқушы өз деңгейі бойынша шараның әр кезеңінде білімдерін көрсете алды. Сәтті шыққан жері, 3,4 – ші кезеңдер, оқушылар сөздерді 3 тілде тез анықтап, көп тілді білетін полиглот екендерін көрсетті және сөздік қорларының мол екеніне көзім жетті. Сәтсіз жағым, бұл рефлексия парағын толтырулары, яғни оқушылар парақта берілген сұрақтарға қысқаша жауап бергендері. Алдағы уақытта рефлексия парақтарын толық толтыруды үйрету, оған көбірек уақыт беру немесе ауызша жеткізе білуге дағдыландыру.



Сабақ барысында қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану» модулін интерактивті тақтадан тұсаукесер бөлімінде ой толғауға арналған видео, тапсырмалар, бағалау критерийлерін көрсету үшін қолдандым; «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі бойынша көрсетілген видео материалдан төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар құрылды; «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша оқушылар бір – бірімен пікірлесіп, жақсы нәтиже көрсетті; «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша оқушылар бір – бірін критерий бойынша өзіндік, өзара бағалау, ұпай саны бойынша, смайликтер арқылы бағалауы жүзеге асты.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет