15-Дәріс. Студенттердің іздену мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығы. Мақсаты



бет4/8
Дата31.07.2020
өлшемі22,58 Kb.
#75861
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 лекция

Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

  • гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

  • кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

  • кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

  • қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

  • кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет