15 сәуір Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы


«Сен неге жылайсың?» десем: «Саған жаным ашып кетті»



бет2/4
Дата11.01.2017
өлшемі306,45 Kb.
#6821
1   2   3   4
«Сен неге жылайсың?» десем: «Саған жаным ашып кетті» дейді. «Саған жаным ашып кетті» деген сөзі жүрегімді дір-р еткізді. Мынау нағыз тазалықтың, адамгершіліктің белгісі ғой деген ой келді... 

Халима Өзақанова:

1936 жылы Семейде №11-мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім, 6 класқа бардым. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен. Екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде: 

Халима, Орынкешті шақырып берші, – деп өтінді. 

Орынкеш, сенің жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң, көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты.



"Жастық шақта жарасады жас құшақ"

Әзілхан Нұршайықов:

Міне, сол қызбен Семейдің облыстық кітапханасында жиі ұшырасып қап жүрдік. Әр кездескен сайын Орынкешті сұраймын. Ара-тұра Орынкешке арнаған өлеңдерімді беріп жіберемін. Ертеңіне: «Жауап жазды ма?» деймін. «Жоқ», — дейді ол. Үш жылдың ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын. Осылайша ортамыздағы хат тасушы, дәнекер, өте адал қызбен достасып кетіп, Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бер жағым – дос, ар жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз.  

Халима Өзақанова:

Мен кітапқұмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10-ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітапсүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте, қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым...



"Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік"



Міне, осылай табысқан достық ұлы сезімге айналады. Бір-бірін шын сүйген екі жүректің әңгімесін ары қарай тағы да өз сұхбаттарынан үзінді келтіре отырып бергеніміз жөн шығар.

"Балапандарым менің..."

Әзілхан Нұршайықов:

Ата-анасы 32 жылғы аштықта өлген екен. Отбасындағы 7 баладан жалғыз өзі ғана аман қалғандығын және басынан кешкен азапты күндерін әңгімелегенде, менің де жүрегім қосыла жылап: «Орынкеш жақсы көрген қызым болса да, хат жазба депті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет