160-бап. Аитв инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету



бет1/12
Дата17.12.2023
өлшемі56,87 Kb.
#197426
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
КОДЕКС


160-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету
1. Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға:
1) тегін негізде құпия медициналық зерттеп-қаралудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психоәлеуметтік, заңгерлік және медициналық консультациялар беруге;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекке және дәрілік қамтамасыз етуге;
3) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа және балаға берілу тәуекелін төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға;
4) әлеуметтік құқықтық қорғауға кепілдік береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 22-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі редакциясын осы Кодекстің 276-бабы 4-т. қараңыз - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.


2. АИТВ инфекциясын жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, босқындар және АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туылған, диагнозы белгіленбеген балалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға және дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жатады.
3. АИТВ инфекциясының қатынасудағы және қатынасудан кейінгі профилактикасына мұқтаж адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық байқауға және дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жатады.
4. Бас бостандығы шектелген, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың, оның ішінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет