Ортаңғы тобына арналған оқу жымыстарың ұйымдастырудың технологиялық картасы Білім беру саласы



бет1/3
Дата23.01.2023
өлшемі23,5 Kb.
#166199
  1   2   3
Байланысты:
Балабақша біздің-екінші үйіміз тех карта
№1 дәріс, docx1549878190 (1) технологиялық картасы, Теория Химия 9 класс, 10 сын БЖБ Кинематика

Ортаңғы тобына арналған оқу жымыстарың
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімімдері: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты: 1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың маман­дықтарымен таныстыру (медбике, аспаз).2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Міндеті:білімділік,дамытушылық,тәрбиелік
Әдіс тәсілдер:Көрнекі,ауызша айту,тәжірбиелік,ойын
Қажетті құрал жабдықтар: суреттер: аспаз, медбике, дәрумендер, азық-түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: аспаз, дәрігер.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-
Қозғаушылық

1. Шаттық шеңбері.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандық пен саулық тілейді, яғни амандасады, жағдайларын сұрайды.
– Сендердің үстелдеріңде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды да алғыр балалар отыр. Кәне, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен?
Әр қобдишаның ішінде айна жатады.
– Кәне, балалар, айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз», – деп айтайық.
Осылайша көңілімізді көтеріп, сабаққа кірісейік.
2. Таңғажайып сәт.
Біреу есік қағады. Педагог пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді.
– Балалар, біздің атымызға торғайлардан хат келіпті, оқып көрелік.
Педагог хатқалтаны ашып, хатты алып оқиды.
Құрметті балалар! Біз торғайлармыз, сендердің бақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.
«Біздің де осындай балабақшамыз болса ғой», – деп мұңайып қалдық. Біз бақшаның не екендігін білмейміз. Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме?

Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз бе?


Педагог екі торғайдың суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп, олардың терезеден ұшып кіргенін айтады.



Шаттық шеңберде тұрады, бір бірімен амандасады.


Айнаға қарап, педагогтің айтқанын қайталайды.

Хатты тыңдайды.


– Иә.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет