18 Атмосфера


Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»



бет9/9
Дата08.06.2022
өлшемі1,13 Mb.
#146186
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
123456.жаныл docx

Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған.
Ұлықбек (өз. (Mirzo Ulug'bek) ( Mīrzā Mohammad Tāregh bin Shāhrokh (Ulugh Beg)) — Ата жолын қумады …Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі - Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.
Самарқанның гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Үндістаннан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасын кеңейту жолында қолынан келгенін істеді. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүние жүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан - көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер,құрылысшы-шеберлер, кітап -көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды.
Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек ПлатонАристотельГиппархПтоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары ХорезмиФарабиферғаниБируниИбн СинаНысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі - Хорасан, екіншісі - мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз”

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет