АЛАШТЫҢ АЙБАТТЫ ҚАЙРАТКЕРІ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы» 02.02.2024 жылғы №511-315 қаулысына сәйкес «№64 мектеп-лицей»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Сұлтанбек Қожанов есімі берілді. Қара басыңның қамы – жұртқа азық болмайды. Заманды жөнімен жақсылап түсінбек ләзім. Жұрттың кезекті істерін жарыққа шығаруды көздемек керек.
Сұлтанбек Қожанов Сұлтанбек Қожанов 1894 жылы Шымкент облысының Түркістан уезіне қарасты Ақсүмбе аулында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келді. Жастайынан оқуға ынталы, елгезек Сұлтанбек Түркістан қаласындағы орыс-түзем мектебін бітіріп, соңынан сондағы қалалық үш жылдық училищені үздік аяқтады. 1913 жылы Ташкенттегі оқытушылар саминариясына түседі. Осы күннен бастап, ол үлгілі оқумен қатар елдің жоғына көңіл бөлетін, халықтың жағдайымен санасатын қамқоршы азамат болып қалыптаса бастайды. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси қызметі 1913-1917 жылдары Ташкенттегі мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, қазақ жастарынан құралған астыртын «Кеңес» атты ұйымын құрады. Үйірменің баспасөз органы «Бірлік туы» газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет істеген 1917 жылғы қарашаның 26 күні Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялауға үлесін қосты. Осы съезге және желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске асыруға белсене араласты.
1918 ж.
Ташкенттегі Қазақ педагогикалық училищесінде мұғалім