1918 ж. 11 қарашасында таңертенгі сагат 11-де Компьен орманында Ретонд станциясында тұрған француз маршалы Фоштың штабтық соғыс вагонында Германияның жаңа республикалық үкіметінің өкілдері тізе бүгу туралы шартқа қол қойды. 1918 ж. қарашасында кеңес үкіметі Брест бітімін жаратпай тастады.
Германияның тізе бүгуі туралы құжаттан: "...6 сағат ішінде кұрлықта және әуеде соғыс кимылдарын тоқтату, басып алған елдерден: Бельгиядан, Франциядан, Люксембургтан және Эльзас-Лотарингиядан 15 күн кешікпей кету, соғыс кұралдарын (зеңбірек, пулемет, аэроплан, сүңгуір қайықтар, крейсерлер) тапсыру, соғыс кемелерін тұтқындау және т. б.
Көрініп түрғандай, герман әскерлерін Ресей жерлерінен әкету қарастырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |