Ресей империясының ыдырауы. Дүниежүзілік соғысжәне 1917ж. революция Ресейдегі патшалық тәртіптің құлауына, одан әрі қарай империяның ыдырауына алып келді.
Польшаның тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі. Германия революциясының алғашқы күндерінде-ақ 1918 ж. 6 қарашада герман әскерлері басып алған Польшада уақытша поляк үкіметі құралды. Бірақ ол бүкіл Польша жерін бақылай алған жоқ. 1918 ж. желтоқсанда батыс поляк жерлерінің бір бөлігі азат етілді. Басқа аймақтар Польшаға Версаль бітім шарты бойынша берілген болатын. Сол себепті Польшаның республика ретінде қалыптасуы тек 1921 ж. наурызда конституция қабылдаумен аяқталды. Үкімет басына Ю. Пилсудский келді, оның билеуі авторитарлық сипатта болды.