19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның әр елдегі көріністері



бет61/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның әр елдегі көріністері

  1. Әлемдік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.

  2. Кейнсшілдік.

  3. Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия?

  4. Әлемдік экономикалық дағдарыстың әр елдегі көріністері: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия.

1929-1933 жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстын ерекшеліктері. Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью-Йорк фондалық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928-1929 жж. Экономиқалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терен экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.

Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі – өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-тендіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс ерекше болды.

Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына баланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігің, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен тырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне едергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.

XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ-та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929-1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.

Ақырында, дағдарыс бұрын болып қөрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қаупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж.циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10-15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д. Кондратьев 20-жж.өзінде-ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдер», немесе «ұзын толқындар» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ.аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48-55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезендерде индустриялық қоғамның техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ.80-ж.соңы мен 90-шы жж.басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әрқайсысының бірінші жартысында конъюктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезендердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж.соңы – 1840 ж., 1840 ж.соңы – 1890 ж.; 1890 ж.соңы – 1940 ж.басы; 1940 ж.басы – 1982-1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық «ұзын толқындар» орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші «ұзын толқындар» немесе кезең XXI ғ. аяқталмақшы.

1914-1945 жж. аралық кезең конъюктураның төмендеу кезенің қамтиды. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30-жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезенді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғысаралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының қиындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне , осында болды.

Кейнсшілдік.'>Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін "Жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы" (1936) кітабына баяндады.

Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып алу" жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мумкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше "тиімді сұраныс") еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, ағарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.

Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмің жасады. Дағдарыс жағдайында "сұранысты қампиту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "қызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы деген ат алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет