19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет8/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Экономикалық даму. ХІХ ғ. соңында Германияның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды, ал ХХ ғ. бірінші онжылдығындағы Германия негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша Англияны басып озды. Оның бұл басымдылығы әсіресе сол кездегі алдыңғы қатарлы деп саналатын химия және электротехника сияқты өнеркәсіп салаларында аса жоғары болды. Аса ірі неміс банктері дүниежүзілік маңызға ие болды.

Бисмарк үкіметі. Бірінші герман императоры Пруссия королі І Вильгельм болды, бірақ елді іс жүзінде 1870 жылдан 1890 жылға дейін 20 жыл бойына императордың толық сеніміне енген канцлер Отто фон Бисмарк басқарды. Аса көрнекті саясаткер әрі мәмлегер, жаратылысынан ақылды, өте жігерлі, қайсар Бисмарк «темір канцлер» деген атқа ие болды. Оның ішкі саясатының негізгі бағыты империядағы билікті орталықтандыруға арнылды. Бисмарк үкіметі буржуазиялық реформизм рухында әлеуметтік саясат жүргізуден де қашпады. 1881 ж. Бисмарк «жұмысшылар заңдарының дәуірі» келді деп жариялады, кейінгі үш жыл ішінде рейхстаг жұмысшыларды өндірістегі кездейсоқ жағдайлардан және аурудан сақтандыру туралы заңдар қабылдады. 1889 ж. қарттыққа (70 жас) және еңбек қабілетін жоғалтуға байланысты зейнетақы жөнінде заң қабылданды. 1891 ж. 11 сағатты жұмыс күні және жасөспірімдердің (13-ке дейінгі) еңбегін пайдалануға тыйым салу туралы заң жарық көрді.

1890 ж. Бисмарк орнынан түскеннен кейін жаулап алушылық идеологиясы күшейе түсті. Ол консерваторлар мен ұлттық либералдардың бір бөлігі мен әскерилерді біріктірген пангермандық одақтың құрылуынан көрініс тапты.

Жаулап алушылыққа бетбұрыс. Пангерманизм доктринасы немістер басқалардан артық жаратылған халық, сондықтан да олар басқаларға үстемдік жүргізулері керек деп уағыздады. Пангерманистер басқа мемлекеттерге күш көрсету саясатын жүргізуге, қуатты флот пен армия құруға, соғысқа дайындалуға шақырды. Пангерманистердің жоспарлары бойынша Германия өзінің басқыншылық саясатын екі бағытта жүргізуге тиіс болды: батысқа (Англия мен Франция) және шығысқа (Ресей). Пангерманистердің үгіті үкімет тарапынан кең қолдау тапты. Армия үкіметтің ерекше қамқорлығына бөленді де, милитаризм үкіметтік доктринаға айналды.

ХІХ ғ. соңымен салыстырғанда, Германияның соғыс бюджеті 5 есе өсіп, 1913 ж. мемлекеттің барлық шығындарының тең жартысын құрады. Германия жанталаса әскери кемелер жасай бастады, 1914 ж. ол Англиядан кейінгі екінші теңіз державасына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет