Президент Б.Клинтон және оның бағдарламасы. 1992 ж. президент сайлауында демократиялық партия мен оның кандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті. Қолайсыз экономикалық жағдайларда билеуші партияның жеңіліс табуы Америка үшін дағдылы жағдай. "Рейганомика" демократтарға жұмыс күншінің 10% жұмыссыздығы мен 300 млрд. доллар бюджет дефицитін мұра етіп қалдырды. 1980—1990 жж. арасындағы онжылдык барысында американ халқының кедей топтарының, тіпті жұмысы барларының да, нақты табысы жылдан-жылға кеміп отырды.
Билл Клинтон "рейганомиканы" қатты сынға алып, саясаттың "үшінші жолын" ұсынды. Мұнда Рузвельттің "жаңа бағытының" тәжірибесі мен 60-жж. либерализімін қоса, либералдық жолдардын ең таңдаулы дәстурлері біріктірілген болатын.
Клинтон жариялаған "үшінші жол", "рейганомиканы" қайта қарауды және мемлекеттік неокейнсшілік белсенді әлеуметтік саясат бағытына оралуын ұсынды. Республикашылдар партиясының бағдарламасынан тек бюджет дефицитін жою жөніндегі ғана уәде алынды. Бұл "рейганомиканың", басқаша айтқанда, "консервативтік революцияның" дәуірінің біткендігінің белгісі еді. АҚШ та "әлеуметтік рыноктік шаруашылық" тәріздес экономикалық саясат бағыты қабылданды.
Мемлекеттік саясаттың бастапқы назары әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтау, ағарту (американдықтар бұл шығындарды "адам ресурстарына" салым деп атайды) салаларына аударылды. Бұл бағыт Клинтонның 1996 ж. келесі президент сайлауында жеңіп шығуын қамтамасыз етті. Демократтардың жеңісіне АҚШ тағы 90-жж. үздіксіз экономикалық өрлеудің әсері тиді.
8 жылдан астам уақыт бойына экономика тұрақты дамып (1998 ж. — 3,6%) отырды. Клинтон әкімшілігінің тұсында жекеменшік секторде 14 млн. жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық сонғы 25 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш деңгейіне дейін азайды. 1996 жылдан соң АҚШ бюджетінің үштен екісі "адам ресурстарын" дамытуға жұмсалды. 1999 ж. АҚШ-тың бюджет дефицитін жоюға қолы жетті.
Мұндай экономикалық жағдай республикашылдарға 1998 ж. аралық сайлауда Клинтон президенттігінің дағдарысын және "лайықсыз мінез-құлқы" үшін импичмент құқығын жеңіске жетуге пайдалануға мүмкіндік бермеді.
1990 жж. АҚШ экономикалық және ғылыми-техникалық даму мен әлеуметтік қамсыздандырудын тиімді механизмін жасай алды. Осы негізде демократиялық және республикалық партиялардың ұстанымдары жа-қындаса тусті.
Достарыңызбен бөлісу: |