Египетке қарсы үштік басқыншылық. Қиыр Шығысты дау аймағына айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық қозғалыстардың тереңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі мүддесіне қауіп төндірді.
1952 ж. Египетте революция болып өтті, монархия құлатылып, шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды.
1956 ж. Насер үкіметі ағылшын-француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын мемлекет қарамағына алды. Насерді каналды мемлекет қарамағына алу ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы ьасталды. КСРО, АҚШ, БҰҰ басқыншылықты айыптады. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқталмаса, Египетке көмек көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жағдайларда Эйзенхауэр доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен Сирия тарапынан шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ және ағылшын әскерлері еңгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |