Жоғары дәрежедегі кеңес-американ кездесулердің сәтсіздігі. 50-жж. екінші жартысында КОКП ХХ съезінен және Сталиннің жеке басына табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды, ел ішінде реформалар жасау жарияланы, мемлекет басшыларының кеңес-американ кездесулерін өткізуге ниет білдірді. Бірақ бірнеше халықаралық дау-жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес жойғыш-самолеттері жете алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы-самолет ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату әшкереленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды.