1918 ж. қарашадаГерманияда революция басталды. Монархия құлатылды, Вильгельм II елден қашты. 9 қарашада Германияда республика жарияланды.
Революциялық дағдарыс Австрия-Венгрияны да қамтыды, небәрі санаулы күндердің ішінде империя құлады. Революцияның барысында екі елде де монархия құлатылды. Тас-талқаны шыққан империя көлемінде бірнеше мемлекет шаңырақ көтерді: Чехословакия республикасы (бұрын жарияланған Чехия мен Словакия республикалары бірікті, Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігі (кейінірек Югославия корольдігі). Осман империясының ыдырауы тездеді, Түркияда революция басталды.