1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары



бет121/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

78.Тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да 1954 – 1960 ж. жүргізілген экономикалық саясат, науқан.
КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты.
1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.
1954 жылы 23 ақпан — 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумында «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Астық мәселесін шешудің екі бағыты болды:
 интенсивтік бағыт — экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу.
 экстенсивтік бағыт — яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы.
Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.  Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары:
1.Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды.
2.Қазақстанда 1954 жылв — 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%.
3. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды.
4.Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын.
5.1956 жылы республика 16 млн т астық жинады
6.Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды
7.1954-1959 жж- Тың игеруге -20 млрд. сом қаражат жұмсалды,
8.1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.
9.1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды
10.Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты.
11.1959 жылы қазақтың саны 2млн 700 мың болды., 29%; республика тұрғындары 9 млн 295 мың адамға жетті
12.тың игерілген кезде Қазақстанның 5 облысында 200-ден астам ауылдық және село аттары орыс тілінде қайта өзгерді. .
13.1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады.
14.Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды
15.Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет