1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


ХХғ.50-60 жылдарындағы Қазақстан өндірісі мен энергетикалық дамуындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1959 жылғы Теміртау оқиғасы



бет135/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

86.ХХғ.50-60 жылдарындағы Қазақстан өндірісі мен энергетикалық дамуындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1959 жылғы Теміртау оқиғасы.

1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын. Сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы 162 өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957- 1960), Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді. 1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді.

60 жыл бұрын Теміртауда Қазақстан Магниткасы құрылысшыларының тұрмыс жағдайының нашарлығына наразылығы милициямен қақтығысқа ұласып, адамдар мерт болған. Теміртаудағы қанды қақтығыс туралы ұзақ уақыт бойы айтылмай келді. 1959 жылы тамызда болған оқиға жайлы архив материалдары ондаған жылдан кейін бір-ақ ашылды. Онда да құжаттардың тек бір бөлігі ғана жұрт назарына ұсынылды. Азаттық Теміртау оқиғасының куәгерімен сөйлесті.

Жас комсомол Анатолий Даншин Теміртаудағы металлургиялық комбинат – Қазақстандық Магнитканың құрылысына Ресейдің Кубань өлкесінен келген. Жас жігітке совет өкіметінің бүкілодақтық құрылысқа қатысуға шақырған үндеуі әсер еткен.1950 жылдардың соңында бұрын ГУЛАГ қамтамасыз етіп келген ақысыз әрі басыбайлы еңбек ететін жұмысшы таусылды. Ал Совет одағының индустрализация арқылы "капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озу" саясатын жүзеге асыруға жұмыс күші қажет болды. Сондықтан билік комсомол жолдамасымен жастарды, әскерден және түрмеден босағандарды "коммунизм құрылысына" жібере бастады. Сол кезеңдегі патриоттық фильмдер зауыттар мен фабрикалар құрылысына қатысатын бірлігі жарасқан ұжымдарды көрсетіп, еңбек адамын насихаттайтын. Бірақ жұмысшылардың шынайы өмірі кинодағы "бақытты" картинадан мүлде басқаша боп шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет