37.Азаматтық бастамалар. Азаматтық жауапкершілік. Қайырымдылық және еріктілер қызметіАзаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік; өзге түлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Азаматтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне байланысты. Азаматтық жауапкершілік - мүліктік жауапкершілік. Ол келісімшарттық және келісімшарттық емес; үлестік; бірлескен; субсидиарлық, аралас, сондай-ақ регрестіктәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді. Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде Азаматтық жауапкершілік пайда болады. Азаматтық жауапкершілік, әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеу принципіне негізделген.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.