1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақ жүздерінің қалыптасуын ХҮІІІ ғасырға жатқызатын ғалымдар – Н. Аристов, К. Данияров, К. Аманжолов



бет45/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

Қазақ жүздерінің қалыптасуын ХҮІІІ ғасырға жатқызатын ғалымдар – Н. Аристов, К. Данияров, К. Аманжолов. Қазақтардың жүздерге бөлінуінің мерзіміне байланысты алғаш пікір білдіргендердің бірі белгілі зерттеуші ғалым Н. Аристов болды. Автор өзінің 1987 жылы жарық көрген «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности» атты еңбегінде қазақтар ХVІІІ ғасырдың басында үш ордаға бөліне бастады деп тұжырымдайды. Этнограф бұл уәжді А. И. Тевкелевтің мәліметтеріне сүйеніп айтқан болса керек, себебі оның өмір сүрген уақытында қазақ жүздері туралы мәлімет беретін бірден бір дерек көзі елшінің жазбалары болатын. Тіпті бұл тұжырым өткен ғасырдың бірінші жартысына дейін сақталып келген еді. Оның үстіне ХХ ғасырдың ортасында белгілі болған архив құжаттары ауқымды ақпарат бермейтін және олардың мерзімі де А.И.Тевкелев мырзаның мерзімінен асып түспейтін. Бұл жағдайды М. Мұханов былай түсіндіреді: «Столь позднее упоминание о разделении казахского общества на три жуза в архивных документах объесняется, по-видимому, особенностями экономического и политического его развития на протежении ХҮІ-ХҮІІ вв... Законодательная и управленческая деятельность не фиксировалась документально, а оставалась устным каноном степного обычного права. Даже «Жеты-Жаргы» - первая в казахском обществе кодификация существовавших правовых норм (начало ХҮІІІ в.), известная в русских источниках как «законы хана Тауке», - передовались устно из поколения в поколение и не дошла до нас в полном объеме. Подобное положение наблюдается и в вопросе о происхождении и времени появления казахских жузов. Из поколения в поколение передовались предания, большей частью легендного характера, о делении казахов на три сотни при Алаше-хане, Котане и т.д.».
Қазақ халқының жүздерге бөлінуін ХҮІІІ ғасырға жатқызатын тағы да екі ғалым бар. Біріншісі - К. Аманжолов. Ол – елді үшке бөліп басқару дәстүрінің тым ертеден б.з.б. ІІІ ғасырдан – хұннулар заманынан бері келе жатқанын және бұл дәстүрдің түрік қағанаттарында, түргештерде, қарлықтарда, қарахандарда, тіпті Шыңғыс ханның заманында орын алғанын айтады. Кейін дәстүрдің қазақтың ханы – Тәукенің өлімінен кейін жалғасын тапқанын, яғни 1718 жылдан бастап қазақтар үш жүзге бөлініп кеткен деп пайымдап, оның мынадай себептерін көрсетеді: «Біріншіден, қазақ жерінде жүз жылдан асып түскен жоңғар шапқыншылығы жүріп жатты, оған қоса Ресей империясының және Орта Азиялық хандар қолдап өршіткен, сұлтандарды бір-бірімен бәсекелеске айдап салған саясаттан; екіншіден, Тоқа Темір ұрпағынан тарайтын қазақ сұлтандарының, билер мен ру басыларының арасындағы мал жаятын жайылым жердің азаюына байланысты өзара талас, қарама-қайшылықтан туған». Екінші зерттеуші К. Данияров та қазақтардың үшке бөліну процесін 1718 жылға жатқызады. Алайда біз бұл пікірді қолдай алмаймыз, өйткені Тәуке ханның өлімі қазақ хандығында бір орталыққа бағынатын хандықтың жойылуын, үш дербес хандықтың пайда болуын алып келді, ал қазақтардың үш әкімшілік аймаққа бөлінуі бұл оқиғадан ертерек болған құбылыс.
В. В. Вельяминов-Зернов жүздердің қалыптасу уақытына байланысты мынадай болжам жасайды: «Мне кажется, не следует ли именно к эпохе владычества киргиз-казахов над Ташкентом и Туркестаном, т.е. к ХҮІІ в., отнести это загадочное деление. Часть киргиз-казахов, сидевшая в завоеванном крае, так сказать полуоседлая, должна была поневоле отделиться от кочевой части, занимавшей степи. Само сабой явились Орды. Ташкент и Туркестан прилегавшей стороною, лежавшие в центре, составили Среднюю Орду. В городах остались властвовать потомки прежних коренных ханов, члены старшего рода Ядигова, или Шигаева: Ишим, Джангир, Тявка и др. По сторонам оброзовались Орды Малая и Большая. В первой утвердился Болекай –Куянов или Усяков. Вторая так же имела своих ханов. Известен один из них, Юлбарс, убитый в 1739 году в Ташкенте». Автордың бұл пікірі тарихта өткен ғасырда кең қолданыста болды. Тіпті қазақтың Ұлы жүзі туралы ХҮІІ ғасырдың басына – 1616 жылға, жататын деректер де табылған болатын. 
Тарихта қазақ жүздері Қазақ хандығы құрылғанға дейін немесе Қазақ хандығы осы үш жүздің бірігуінің нәтижесінде құрылған деген пікірлер де бар. Осындай пікірді ұстанатындардың қатарында М. Красовский да бар. Ол қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған Қасым, Хақназар, Шығай бастаған үш тәуелсіз ұлыстың негізінде пайда болды деген болжамды ұстанады. Ұқсас болжамды А. П. Чулошников келтіреді. Оның пікірі бойынша, әуелдегі біртұтас қазақ халқынан үш жүз бөлініп шыққан жоқ, керісінше осы ертеректегі бір-біріне тәуелсіз үш бөліктен біртұтас қазақ халқы құралған. Түсінікті болу үшін мәтіннен үзінді келтірейік: «не три жуза образовалось в результате деления первоначального единого казахского народа, а единый казахский народ образовался из слившихся воедино трех ранее независимо существовавших частей, которые или прежде были жузами, или в новом едином народе стали его составными частями – жузами. При этом предполагается, что в начале объединились Старший и Средние жузы и лишь некоторое время спустя к ним присоединился Младший». Сонымен бірге ол қазақ жүздері Хақназар ханның билік еткен тұсында, яғни 1580 жылға дейін, толығымен қалыптасып бітті дейді. Бұл екі автордың айтқандарын М. П. Вяткин айғақтауға тырысады. Ол алғаш болып Ұлы жүз құрылды дейді: «район, где располагались в последствии кочевья Старшей Орды, полотически тяготел к Моголистану. Еще Хакназар в 60-х годах ХҮІ века делал попытки закрепить за собою эти старинные кочевья казахов. Решительное поражение, каторое он потерпел от моголистанского хана Абд-ур-Рашида, порвало политические связи этого района с владениями Хакназара. При перемещении центра политической жизни Казахского улуса на запад здесь не укрепилось ни одной влиятельной феодальной фамилии; поэтому до нас и не дошло почти ни одного имени ханов Старшей Орды... она получила название Старшей Орды, может быть потому что это было место первоначальных кочевий казахских общин, а так же потому, что племена вошедшие в её состав (уйсуны, канглы, дулаты, джалаир), были старейшими на территории Казахстана», ал келесі кезекте Орта жүздің құрылуын былай түсіндіреді: «Орда в которой господствовал Хакназар, тяготел к среднеазиадским владениям шейбанидов. В конце ХҮІ века как мы видели, это политическое объединение формально становится в вассальное отнашения к бухарскому хану, правда, на короткий срок. Овладение Тевеккелем Ташкентом и Туркестаном только усиливало это тяготение к оседлым районам Средней Азии. Здесь и образовался центр другого казахского владения, Средней Орды». Автордың айтуынша ең соңғы болып Кіші жүз құрылған және бұл процесс, яғни Кіші жүздің жеке шаруашылық-саяси бірлік болып қалыптасуы, ордада хандық әулеттің қалыптаспайынша жүзеге аспас еді. Ондай әулет Жәнібек ханның ұрақтары Бөлекей-Қоян болған дейді. Көріп отырғанымыздай, жүздердің құрылу уақытына байланысты аталған авторлардың пікірлері сәйкес келеді. Сонымен бірге зерттеушілер Д.Қ. Есенов пен Ш. Әмірбеков [20.15] те қазақтың триальды жүйесінің қалыптасуы аталмыш ханның есімімен байланысты екеніне күмән келтірмейді. Д.Қ. Есенов жүздерге бөліну сақтардың заманынан бастау алады және Хақ-Назар ханның ноғайлардың территориясын жаулап алуымен үш жүздің жерлері толық қалыптасты десе, Ш. Әмірбеков: «үш жүздің қалыптасқан кезі Хақ-Назардың тұсында болған сияқты», себебі «Тақырдың тұсында қазақ хандығы бытыраңқылыққа ұшырап, саяси рөлінен айрылады. Алайда Қасым ханның ұлы Хақназар қазақ руларының басын біріктіріп, Қасым хан тұсындағы территорияны қалпына келтірді және біріктірушілік саясат жүргізуінің нәтижесінде қазіргі Кіші жүз территориясы қосылды... Хақназар осы кезде Оңтүстік Қазақстан жерінің де бір бөлігін бағындырған болатын» және өз ойын жалғастыра келе «Жүз» сөзі орыс деректерінде жиі «Орда» терминімен алмасып отырады. Бұл әр жүзде хан билігінің орнауына байланысты болуы мүмкін. Жүздердегі хан билігі жүздердің пайда болуымен қатар жүрген сияқты. Себебі Хафиз Таныш «хан не бұйырса, соның айтқанынан шықпаған» Хақ-Назардың екі інісі туралы мәлімет береді. Хақ-Назардың көп аға-інілерінің ішінен тек екеуінің ғана айтылуы олардың жүздерге басшы болып сайлануынан болса керек» дейді. Автордың бұл сөздерінің жаны бар, өйткені қазақ-орыс қатынастарының құжаттарынан біз тапқан мына мәтін «А Казатцкие Орды Акназара царя и Шигая царевича и Челыма царевича, а с ними дватцать царевичев приход их был на Нагаи и бой ...» оған тағы бір дәлел болатын секілді. Мұндағы қазақ ордалары деп отырғаны, біздің ойымызша, қазақ жүздері болса керек, ал аты аталған ханзадалар сол жүздердің алғашқы басшылары емес пекен? Бұл құжаттың 1569 жылға жататыны тағы ескерусіз қалмағаны жөн. Себебі 1585 жылғы құжатта қазақтың Ұлы жүзі хақында алғаш мәліметті А.И. Исин архив материалдарынан тапқанын ескеріп [22.106], біз мынадай болжам жасамақпыз: егер Ұлы жүз 1585 жылда хатқа түссе, онда қалған жүздердің бұл жылы өмірге келіп қойғаны да түсінікті болады. Олай болса Қазақ хандығындағы үштік басқару жүйесі ХҮІ ғасырдың ортасында қалыптасты деуге толық негіз бар. Сонымен бірге қазақ жүздері ХҮІ ғасырдың ортасында қалыптасқанын айғақтай түсу үшін Т. Омарбеков пен Б. Кәрібаевтың мына тұжырымын келтірмекпіз: «Жүздік ел басқару құрылымы Есім ханның ел басқаруның алғашқы жылдарында 1598-1606 жылдары орнықты деп айтуға негіз бар. Бұл жаңа жүйенің негізгі қағидалары бұрынғы ұлыстық басқару ережелерін жаңа этно-саяси ахуалға икемдеп негіздеген «Есім ханның ескі жолында» көрініс тапты». Қос автордың бұл сөздерінің жаны бар, себебі ең алғаш қазақ жүздері туралы мәліметтің, жоғарыда көрсеткеніміздей, 1569 жылы кездесетінін ескерсек, қазақ жүздері Хақназар ханның тұсында құрылған болады. Дегенмен жүздердің, авторлардың айтып отырғанындай, негізгі функциясы, оның ел басқару құрылымындағы орны және ұлыстық басқару ережелеріне енуі осы «Есім ханның ескі жолына» енгізілуі әбден мүмкін. Қазақ хандығының жүздерге бөлініп ел басқаруы көшпелілердің әкімшілік билігінде ежелден келе жатқан жүйе. Аталған авторлар «Қазақ жүздері: жаңа тарихи болжамдар» мақаласында жүздердің функциясын былай түсіндіреді: «Жүздік бірлестіктер бұрынғы орталық, яғни ұлыстық басқару жүйесінің жаңа этносаяси ахуал жағдайында, күрделі өзгеріске ұшыраған жаңа әкімшілік үлгілері. Бұл көптеген ру-тайпаларды біріктірген қазақ халқының қалыптасуынан және оның ішкі, сыртқы саяси жағдайға сәйкес туындаған этно-әкімшілік, саяси проблемаларынан еріксіз туындаған мемлекеттік жүйе». Сондықтан да біз қазақ жүздері ұлан ғайыр территорияны толығымен бір орталықтан басқару мақсатымен Хақ-Назар ханның тұсында ХҮІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығының жер иелігінің артуының салдарынан пайда болған жүйе деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет