1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет61/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

Қазақ күнтізбесі.
Қазақ халқының күнтізбесінің негізі астрономиялық түсініктен және жұлдызды аспаннан тұрады. Халықтың шаруашылық өмірінде үлкен бір тәжіребелік мағына берген ол табиғат құбылыстарының кезеңдеріне бақылау жасау болды. Көшпенді шаруашылық уақыт есебін және табиғат құбылыстарының кезеңділіктерін білуді талап етеді. Қазақтар аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Үнемі шексіз далаларда көшіп жүріп, олар жерді жақсы біліп алды және жұлдызға қарап жолды айқындауды үйренді, сонымен қатар сай, жайылым және құдықтардың орнын қателеспей тура айқындаған.
XVI-XVII ғғ. халық арасында уақыт есебімен айналысқан есепші мамандар болды. Олардың бұл өнерлері тұқым қуалады және атадан балаға мұра болып қалып отырды. Олар көптеген ұрпақ тәжірибелерін алған және жылдан жылға бақылаулар жүргізген, ауа-райы жайлы болжамдар берген, мезгілдік жұмыстардың уақыттарын белгілеген. Көші-қон қыстау мен жайлау орындарын айқындап, қазақтардың халық күнтізбесін жасады және т.б. Негізгі қызығушылықты есепшілер жұлдызды аспанға негіздеді. Олар негізгі маңызды планеталарды жақсы білді, оларды өздерінің әндеріне қосты, олар жайлы аңыздар жазды.
Жұлдызды аспан картасын қазақтар негізінен темірқазық шұғыласымен ашқан. Бұл жұлдыз адам өмірінде маңызды орын алған. Қазақтар түнгі уақытта көшкен кезде осы жұлдызға қарап жолды анықтаған. Үлкен Жеті қарақшы жұлдызы әртүрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі аттары болды, “Жетіген”, “Жеті қарт”, “Жеті қарақшы”, “Кіші жеті қарақшы”, “Ақбоз ат”, “Көк боз ат”.
Бұл жұлдыздардың аттары бақташылық тұрмыспен, отардың түнгі күзетшісіне байланысты болды.
Қазақтарда айлар есебі аймен анықталды. Әр жылдағы айлар күндерін анықтау үшін қазақ есепшілері үнемі айдың қозғалысын бақылап отырған. Олардың бақылаулары жылды 12 айға, ал айды үш 10 к‰нге бөлуге мүмкіндік берген.
33.XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары. Мырза Кутлу Мухаммед Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.
Қазақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі-Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі. Осы кезде Қазақстанның солтүстік-батысындағы кейбір қазақ руларының Ресей бодандығына еркін қосылуы ХҮІІІ ғ. 30-40 жылдарынан бастау алып, ХІХғ. басында патша үкіметінің әскери саяси отарлауымен аяқталып, қазақтар өздерінің мемлекеттік тәуелсіздігін жоғалтқан еді.
Кеңес үкіметі кезінде бұл тарихи кезең Қазақстан Ресей империясының қоластына енуі «еркін тұрғыда қосылу» деген терминдермен басталып, «ену», «жаулап алу», «отарлау» деген терминдермен
анықталып, әртүрлі көзқарас тұрғысында баға берілген еді. Қазақстан тарихындағы отарлау кезеңді зерттеу, отандық тарихнамада еліміз егемендік алғаннан кейін қолға алынды. Бүгінгі таңда бұл кезең әлі де тарихи тұрғыда зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл тақырыпты зерттеуде қазақ шежірелері, эпостары, патша үкіметімен қабылданған заң актілері, жеке адамдардың баяндамалары, саяхатшылардың күнделіктері мен қолжазбалары дерек көзі болып табылады. Соның ішінде, орыс дипломаты А. Тевкелевтің естеліктері ерекше орын алады. Ондағы деректер «Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ вв.» атты құжаттар жинағында топтастырылған.
ХҮІІІ ғасыр Орта Азия халықтары мен Қазақстан халқының тарихында ерекше орын алады. Осы кезде Орталық Азиядағы Қазақстанның геосаяси жағдайының нашарлауы Ресей мемлекетінің Сібірдегі әскери саясатының күшейуіне әкелсе, Цин империясының Орталық Азияда үстемдік етуіне жол ашты. Бұл екі мемлекеттің сыртқы саясатында өздерінің экономикалық және геосаяси мақсаттағы шектен шығуы, көшпелі жергілікті халықтардың сауда орталықтары мен өз жерлерінен ығыстырып, көші-қоныс жолдарын бұзды. Осыдан көшпелі халықтардың арасында бір-бірімен сауда орталықтары бар және шұрайлы жайылымдық жерлерге таласушылдық басталды.
Петр І-нің кезіндегі орыс экономикасының жоғарлауы кезінде, сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынасты тек Орталық Азия хандықтарымен ғана емес, Иран, Қытай, Үнді мемлекеттерімен байланыстыру мақсатында осы қазақ жері арқылы өту көзделіп, Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының бекуіне себеп болды. Генерал-майор А. Тевкелевтің қолжазбаларында Петр І-нің қазақтарды Ресей бодандығына алу өте қажет екені айтылған. Онда: «Қырғыз-қазақ орда жерлері Азия жерлері мен елдерінің кілті, бұл жерлер Ресей үшін өте тиімді» деп жазылған. Ресейге Казан (1552ж.) және Сібір (1582ж.) хандықтарының қосылуы, орыстардың шекарасын қазақ даласына жақындатып, шекаралық сауданың дамуын ілгерлетті.
ХҮІІ ғасырдың соңында Ресей мемлекеті Хиуа және Бұхарамен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасын бекітіп, орыс көпестері Орта Азия қалаларына қазақ даласындағы транзиттік сауда жолы арқылы өткен. Бұл жағыдай Ресей мемлекетінің қазақ жерлеріне қызығушылығын арттырды.
ХҮІІІ ғ. басында Патшалық Ресей Шығысындағы жерлерді отарлай бастады. Осы уақытқа дейін иемденген жерлерін ұстап қалып, әрі қарай Орта Азия елдерімен сауда-экономикалық байланыс орнатпақ болды. Осы кезде билік басындағылар мен көпестер Ертіс және Орал өзендері бойындағы жерлерге тұрақтанып алғысы келді.
ХҮІІІ ғ. басында қазақтардың халықаралық жағдайы өте күрделі болды. Қазақтарға оңтүстік-батыстан поволжие қалмақтары және жайық казактары жорықтар жасаса, солтүстіктен сібір казактары шапқыншылық жасап отырған. Сондай-ақ, қазақтар Оралдан әрі башқұрттармен жайылымдық жерлерге таласса, оңтүстіктен Хиуа мен Бұхара қыспақ көрсетті. Осылардың ішіндегі әсіресе, қазақ халқына 1635 жылы оңтүстікте құрылған Жоңғар әскери-феодалдық мемлекетінен қатты қауіп төнді. Орталықтандырылған мемлекет болып алған жоңғарлардың қазақ территориясы жеріне шабуылы жүйелі тұрғыда болды. Жоңғар қоңтайшыларын жайылымдық жерлерден басқа, Қазақстанның оңтүстіктегі сауда орталықтары және ондағы Ресеймен Шығыс елдеріне апаратын сауда жолдары қызықтырды.
2. ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының күрделі сыртқы саяси жағдайы ішкі саяси жағдаймен шиеленісіп мемлекеттегі феодалдар мен сұлтандардың арасындағы тартыстар осы кезде Қазақстан жерінің ірі әскери-саяси орталықтарына бөлініп кетуіне ықпалдық етті. Сұлтандар халық арасында өз ықпалдарын және жерлерін ұлғайту мақсатында тәуелсіздігін алғысы келді (ханға бағынғысы келмеді). Қазақ саясаткері Тәуке хан қайтыс болған соң қазақ ақсүйектерінің басым көпшілігі кіші жүздің ханы Әбілхайырға бағынды. Осы кезде Әбілхайыр қазақ батырларының басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы күрестерде өзінің қолбасшылық шеберлігін көрсетті. Бірақ, бұл кезде қазақ халқы жоңғарларға біртұтас ел болып қарсы тұра алмады. Бұл жоңғарлардың жаңа жорықтар жасауына жол берді. Жоңғарлардың билік басына Цеван-Рабтанның келуі (1697-1727жж.) жоңғарлардың қазақ жерлеріне шапқыншылығы ірі және талқандаушы тұрғыда болды. Бұл жағдай 1710 жылы күзде Қарақұмда қазақ сұлтандарының, билерінің, батырларының және жүздердің ірі ру басыларының съездге бірігуіне әкелді. Жағдай өте күрделі болды. Осы жиынға келгендердің кейбіреулері келешекте жаулау соғыстарын болдырмау үшін жоңғарлардың қоластына кіруді ұсынды. Бірақ, Қанжығалы Бөгенбай батырдың жоңғарларға қарсы соғысуға шақырып, оларды біржолата қазақ жерінен қууға шақырған үндеуі қазақтардың рухын оятты. Бірақ билікке таласқан феодалдардың ішінара қырқыстары қазақтардың жауына қарсы бір тудың астына бірігуіне кедергі болды. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар әлсіреп қыстан шыққан Ұлы жүз бен Орта жүздің жайылымдық жерлерін баса көктеп кірді. Осы 1723-1727 жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды жылдар» деген атпен танымал. Қыспаққа шыдай алмаған қазақтар малын, дүние-мүлкін тастай Орта Азия жерлеріне қарай беттеді. Осы кездегі қазақтың әйгілі батырлары Бөгембай, Қабанбай, Наурызбай, Есет және т.б. жауға қарсы күрестің алдында болды. 1726 жылы Орда-Басы (Шымкент қ.) жерінде үш жүздің билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бірігіп жиын өткізеді. Осы жиында үш жүздің қазақтары бірігуді ұйғарады. Жоңғарларға қарсы күресті кіші жүз ханы Әбілхайыр басқарды. Қазақтар 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында жоңғарларға қарсы тойтарыс береді. Бұл жер «Қалмақ қырылған» деп аталды. 1730 жылы көктемде Балхаш көлі маңындағы Аңырақай жеріндегі шайқаста қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ, қазақ ақсүйектерінің көшпелі қоғамдағы билікке таласушылдығы жоңғарлардан қазақ жерлерін азат ету кезінде қазақ халқының көптеп қырылуы, жоңғарлардан біржолата азат етілуіне кедергі болды.
3. Осындай ел ішіндегі ішкі және сыртқы саясаттың күрт түсуі Кіші және Орта жүздің кейбір ірі ру басыларының Ресей қоластынан пана іздеуіне тура келді. 1730 жылы территориясы Ресей жеріне жақын орналасқан кіші жүз ханы Әбілхайыр қазақ халқының атынан Ресей императорының қоластына алуын өтініп, Петербургке елшілік жібереді. Әбілхайыр хан осындай жолмен қазақ халқының тарихында бірнеше стратегиялық мақсатты көздеді. Олар: қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу, күрделі де қиын сыртқы саясатта қазақ этносын, орыс әкімшілігіне арқа сүйей отырып мұрагерлік жолмен үш жүздің ханы болғысы келді. Әбілхайырдың елшілігі қазақ даласына орыстың шет елдер дипломаты А. Тевкелевпен қайтып келіп, 1731 жылдың 19 ақпанында Әбілхайыр хан, Бөгенбай батыр және 29 старшын шеніндегі адамдар Ресей бодандығын мойындағандығы туралы ант береді. Кейіннен жоңғарлардың жиі шапқыншылығынан Орта жүз рулары Ресейден қоластына алуы туралы көмек сұрап, 1734 жылдың 10 маусымындағы Анна Иоановнаның бұйрығы бойынша Ресей бодандығын мойындайды. Бұл одақтастық екі мемлекет үшін тиімді болды. Қазақ халқы Ресей Империясының көмегімен өзін сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саяси бірлігін сақтап қалғысы келді. Ал Ресей болса, қазақ халқына өз бодандығын мойындатып, келешекте Петр І-нің кезінде ойластырылған қазақ даласын отарлауды көздеді.
Ресей империясының табиғи ресурстарды меңгеруі патшалық билікте жаңа жерлерді иеленуге итермеледі. Күшім хандығы талқандалғаннан кейін, өзінің территориясының шығысындағы табиғи байлығын қорғау, әрі жаңа жерлерді иелену мақсатында, Ресей Батыс Сібір территориясындағы шығыс шекараларында ХҮІ ғасырдың екінші жартысын мен ХҮІІ ғ. бастапқы кезеңінде Қазақстан территориясына жақын жатқан жерлерде Объ қаласын, Тюмень, Тобол, Тара, Томск, Жайық, Гурьев қалаларын және әскери бекіністер сала бастады.
ХҮІІІ ғасырдың басында Петр І-нің кезінде қазақ даласына П. Северовский, В. Чередов, И. Лихарев жетекшіліктеріндегі бірнеше әскер жасақтарымен саяси елшілік жібере отырып, Ямыш өзенінен жоғарғы Ертіс өзені бойында Железинск, Колбасинск, Семей, Өскемен бекіністерін салды.
Қазақтардың Ресей империясының бодандығын мойындағандығына он жылдай уақыт болған соң, патшалық әкімшілік өзінің жаңа өлкенің байлығын және сауда жолдарын отарлау мақсатында 1734 жылы сенат обер-секретарь И. К. Кирилловтың саяси-экономикалық тұрғыдағы жобасы бойынша Орынбор экспедициясына комиссия құрылады. Осының нәтижесінде 1735 жылы Ресейдің қазақ жеріне енуінің форпосты болып Орынбор қаласы салынады. 1742 жылы Орынбор комиссиясын И. И. Неплюев басқарды. Осы кезде Орынбор шебі бойында жаңа Ойыл шебінен жоғарғы Жайықтан Звериноловск бекінісіне дейінгі жерлерімен шекаралас жаңа Есіл (Горькии) шебіне дейінгі жерлерге бекіністер салу басталып, ХҮІІІ ғасырдың ортасында Ертіс шебіне бекіністер салумен аяқталады. Бұл шекаралық шеп Гурьевтен басталып (Жайық өз.) Звериноголовск бекінісіне дейін (Тобол өз.) 1600 шақырымға дейін созылып жатты. Жаңа Есіл шебінің анықталуы нәтижесінде Орта жүз қазақтарының жайылымдық жерлерінен 70 мың кв. шақырым алынды. И. Кирилловтың жобасы бойынша орыс шекарасы Закамск жерінен оңтүстік-шығыста: Орынбор, Ойыл, Жаңа Есіл және Ертіс шебі Жайық өзенінен Өскемен бекінісіне дейін (3,5 мың верст), бір шеп бойындағы бекіністер мен форпостарды құрады. Бастысы бұлардың барлығы казак әскерлерімен толтырылды. Төменгі Жайық шебін Жайық казактары, Илектен Звериноголовск бекінісіне дейін Орынбор казактары, ал соңғысы Ертіс өзені бойы Сібір казак әскерімен. Бекіністер арасына қарауылдық редуттар салынып, әр бекініс арақашықтығы 50 версттан болды. Ресейдің басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекарасын кеңейту болды. Бекіністерде әскери горнизондар орталықтандырылып, қару-жарақпен қамтамасыз етілді. Мұндай стратегиялық орталықтар Ресейдің бұл өлкеде мықтап бекуіне және жергілікті халықтың шұрайлы жерлерден құнарсыз жерлерге ығысуына әкелді. Әскери бекіністер отарлауды күшейтіп, шеп бойын бекітіп, қазақтардың шаруашылығына кедергі жасай отырып, оларды бір-бірімен жайылымдық жерлер үшін күресуге әкелді.
ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жж. Қазақстанда патшалық үкіметтің отарлау саясаты күшейе бастады. Орынбор комиссиясының бастығы И. Неплюевтың 1742 жылғы 19 қазанындағы жарлығы бойынша Жайық өзенінің маңында және Жайық казактары қалашығы маңында қазақтардың көшіп-қонуына тиым салынды. 1755 жылы шет ел істері коллегиясы сібір билеушілеріне ішкі территорияға, яғни Ертістің оң жағалауына қазақтарды кіргізбеуді қадағалауға тапсырыс берді. 60-жылдардың ортасында қазақтарға Ертіс өзені мен Есіл өзеніне және ол жерлердегі бекіністерге 10 верстқа дейін жақындауға мүлдем тиым салынды.
Патшалық үкімет қазақтардың Ресей қоластына өтуін біржолата отарлау саясатына көшірді. Мұндай саяси шаралар қазақ қоғамының ішкі әлеуметтілігіндегі көшіп-қону салт-дәстүрін қысқартты. Көшіп-қону жолдарының бұзылуы қазақ рулары арасында жауластықты тудырып, қазақтардың саяси қоғамын әлсіретті. Енді қазақ билеушілері өздерінің ішкі саясатындағы мәселелерді шешуде патшалық әкімшілікке тікелей тәуелді болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет