Байланысты: 1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де
30.Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер. Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.