1.Әдебиет теориясы


Баяндау - жазушының болған, естiген, ойластырған оқиғаны өз шығармасымен жеткiзуi



бет5/19
Дата09.06.2020
өлшемі30,13 Kb.
#72805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Әдебиет теориясы
reflexive, программа-полиязычного-образования-каз
5.Баяндау - жазушының болған, естiген, ойластырған оқиғаны өз шығармасымен жеткiзуi. М.Әуезов “Көксерек”әңгiмесiн баяндап жазды. Әр жазушы шығармасын баяндап жеткізеді.

6.Сюжет - адамдардың әрекетiнен, қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар бөлшегi. Композицияның әр элементi сюжет болып есептеледi. ”Балықшы мен балық” ертегiсiндегi кемпiрдiң патша боп үлде мен бүлдеге оранып отыруы, сөйтiп жан-жағына қаһарлана әмiр беруi – бiр сюжет. Балықшының алтын балыққа барып, тілек тілеп, кемпірінің теңіз патшасы болғысы келгендігін баяндауы, одан балықтың теңіз түбіне сүңгіп жоқ болуы-бір сюжет.

7.Экспозиция - оқиғалы шығарма басталмас бұрын сол оқиғаның тууына қандай себептер болғаны туралы алдын-ала түсінік берілуі, яғни әңгіменің басталуы. М.Әуезов «Еңлік –Кебек» пьесасында қайғылы оқиғаны алдын-ала сездіріп, абыздың аузына сөз салады.

«... Кәрі көңіл ол бір зәр,күні еңкейіп,көлеңке басқан бейуақтай. Самал желді мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел баладай... Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдатып ол келеді. Соны білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, шашып ойнайды. Қамыққан қамқор қаны...Бағлан қаны.»

Еңлік пен Кебек оқиға соңында үстем таптардың құрбаны болып, қанға батады. Абыз соны меңзеп отыр.

8.Эпиграф - қаламгерлердің жазылған шығармалардың мазмұны мен идеясына қарай алдына келтірген нақыл сөздері не өлең жолдары. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабына эпиграф ретінде А.Құнанбаевтың «Махаббат, қызық мол жылдар» өлеңінің бір шумағын алып жазады.

Қайда екен, шіркін, сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын-ақырын жылыстап,

Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Егер батырлық туралы жазылған шығарма болса, «Батыр туса, ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақалды эпиграф ретінде алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет