1.Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы



Дата08.12.2023
өлшемі9,83 Kb.
#195512
Байланысты:
срсп3


1.Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы
2.Конфликтіні және эмоцияны басқару бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу. Кем дегенде 10 ұсыныс дайындау
1. Конфликттер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында пайда болады, сондықтан олар адаммен бірге жасап келеді. Техникалық ғылымдардан бастап, әлеуметтік-философиялық ғылымдарда да конфликт зерттеу нысанасы болып келеді. Конфликттер сонау антикалық заманнан бері Анаксимандр, Гераклит сияқты орта ғасырдағы Фома Аквинский, қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Мора, Э. Роттердамский, Ф.Рабле, Ф.Бэкон, жаңа ғасырда И.Кант, Г.Гегель сияқты ойшылдарды қызықтырды. Тіршілік үшін әрекет механизмін қоғамға енгізе отырып, Л.Гумплович Дарвиннің табиғи таңдау идеясын дамытты. Соның негізінде социалдарвинизмнің негізін қалаушы болды. Ол әлеуметтік конфликттер табиғаты жайында келесі ойларын атап көрсетті:
- конфликттер тарихи дамудың бейнесі болып табылады;
- қоғамның билеушілер мен бағынушыларға бөлінуі мәңгілік құбылыс;
- конфликттер қоғамның бірлігіне жәрдемдес

«Әлеуметтік конфликт» ұғымы


Әлеуметтік конфликттер кез келген әлеуметтік құрылымға тән, себебі олар қоғамдық дамудың қажетті шарты болып табылады. Қоғамның қызмет ету үдерісі конфликт пен пәтуадан (консенсус), келісім мен қарсыласудан тұрады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің түрлі топтарын қатал саралаумен қатар, әлеуметтік топтар, жеке интивидтер және топтар конфликтінің таусылмайтын қайнар көзін білдіреді. Әлеуметтік құрылым қаншалықты қиын болған сайын, қоғам соншалықты сараланады, еркіндік, пікір алуандығы қаншалықты көп болса, соншалықты сәйкес келмейтін, кейде өзара бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделер, мақсаттар, құндылықтар да көбейеді, сәйкесінше, болуы мүмкін конфликттер үшін негіз арта түседі. Алайда қиын әлеуметтік жүйеде бір уақыттың өзінде конфликтіні сәтті шешудің механизмдері де бар. Сондықтан кез келген қоғам мен әлеуметтік қауымдастық мәселесі конфликттің келеңсіз салдарын болдырмау (барынша азайту) және оны туындаған мәселенің оң шешімін табуда қолдану. Сонымен, әлеуметтік шиеленіс – бұл қажеттілік, мүдделер мен құндылықтарының сәйкес келмеуі себебінен әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі немесе одан да көп қатысушылары және субъектілерінің ашық қарсыласуы, қақтығысуы болып табылады.

Конфликттің «субъект және қатысушы» ұғымдары әрдайым ұқсас келе бермейді. Субъект – бұл конфликт жағдаятын туғызуға қабілетті және өз мүдделеріне байланысты конфликт барысына әсер ететін белсенді тарап. Конфликт қатысушысы саналы түрде (немесе қарама-қарсылық мақсаттары мен міндеттерін толығымен түсінбей тұрып) конфликтіге қатыса алуы мүмкін, сондай-ақ кездейсоқ немесе өз еркінен тыс конфликтіге тартылуы мүмкін. Конфликттің дамуы барысында қатысушылар мен субъектілер мәртебесінің орны ауысуы мүмкін. Сондай-ақ конфликттің тікелей және жанама қатысушыларын да ажырата білуі керек. Соңғысы өзгенің конфликтсінде өзінің мүдделерін көздейтін нақты күшті білдіреді.


Жанама қатысушылар:


а) конфликтті өршітуі және оның дамуына түрткі болуы мүмкін;
б) конфликттің қарқындылығын кемітуге немесе оның толығымен аяқталуына негіз болуы мүмкін;
в) екі тараптың бірін немесе екі тарапты да қолдауы мүмкін. Конфликттің жанама қатысушылары конфликт орын алатын қоршаған ортаның белгілі бір бөлігін құрайды. Сондықтан қоршаған орта конфликттің дамуын арттыратын катализатор ретінде және оны тежейтін немесе бейтарап фактор ретінде қызмет етеді.

Әлеуметтік конфликттегі күш – конфликт тараптарының өз мақсаттарын қарсыластың (оппоненттің) қарсы әрекетіне қарамастан жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті. Ол қарсыластыққа тікелей қамтылған, сондай-ақ потенциалды тәсілдер мен ресурстардың барлық жиынтығын қамтиды. Конфликт пайда болу кезеңінде болған жағдайда оның потенциалды субъектілері қарсы тараптың шынайы күші және қоршаған ортаның болжалды конфликтіге қатысты мүмкін болған әсері туралы тек шамамен алғандағы көрініске ғана ие. Тек конфликт басталған сәтте немесе оның даму барысында ғана қарсы тараптардың күші туралы мәлімет толық беріледі. Қоршаған орта – әлеуметтік конфликт құрылымындағы элементтердің бірі. Ол физикалық орта (географиялық, климаттық, экологиялық және басқа да фактордан) мен әлеуметтік ортадан (конфликт туындайтын белгілі бір әлеуметтік жағдайдан) тұрады.


Әлеуметтік конфликттің негізгі түрлері


Әлеуметтік шиеленісті топтастыру мәселелері бойынша зерттеушілер арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Егер топтастыру негізіне тараптардың ерекшеліктері алынса, онда шиеленістерді былайша бөле аламыз: тұлғааралық, тұлға мен топ аралық, топаралық, кіші және ірі әлеуметтік қауымаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық. Егер топтастыру негізіне қоғамдық өмірдің салалары алынса, онда саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, заңгерлік, отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және т.б. шиеленістер туралы айта аламыз.

Конфликт мотивациясына байланысты зерттеушілер әлеуметтік конфликттің үш блогын бөліп көрсетеді:


1)билік жүргізуші өкілеттілігі мен ұстанымына байланысты туындағын конфликт;
2) материалды ресурстарға байланысты;
3) маңызды өмірлік ұстанымдардың құндылықтарына байланысты.
2.Конфликтіні және эмоцияны басқару бойынша психологиялық ұсыныстар
1)эмоциялық денсаулықты қадағалау;
2)өзі туралы бар шындықты білу және шындыққа тіке қарай алу;
3)жеке «Менінің» дұрыс образын жасау.
4)сыртқы қоздырғыштарға тым эмоционалды түрде әрекет етпеу;
5)өз агрессияңды дұрыс арнаға жұмсай алу;
6)реніш, өзіне деген аяныш сезімдерін өзінде сақтамау;
7)толеранттылық;
8)компромисс;
9)өзіңді және өзгені кешіре алу, кешіре білу сауығуға алып келеді;
10)сезімдермен бөлісу;
11)шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;
12)нақты мақсат қою және сол мақсатқа жетуге үздіксіз тырысу; мүмкіндігінше алдына шынайы мақсаттар қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет