1І нұсқа Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.06.2022
өлшемі250,14 Kb.
#145899
  1   2   3
Байланысты:
2 5244453680312230526




Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша 
тапсырмалар 
(жалпы білім беретін мектептерге арналған) 
1І нұсқа 
 
 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз
Наурыз 
– 
кӛне 
мереке. 
Қазақстанда 
ресми 
түрде 
Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. 2010 жылдың 10 мамырынан 
бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 
21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бұл мерекені 
шығыс елдері Ӛзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан ерте 
кезден ӛткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін кӛрсетеді. 
Наурыз – күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн 
қысқарады. 
Наурыз - жаңару мен жасарудың басы. Наурыз - қазақтың шын 
мағынасындағы ұлттық мейрамы, жаңа жылы, дүниеге кӛрік берген 
шырайлы жыл басы. Парсы тілінде «нау» - «жаңа», «руз» - «күн» деген 
ұғымдарды білдіреді. Әр мерекенің ӛзіндік тойлау дәстүрі бар сияқты, 
Наурыздың да ӛзіндік тойлау дәстүрі бар. Халық наурыз мерекесіне алдын - 
ала дайындалады. Дәстүр бойынша Наурыз мейрамы кӛрісуден , 
сәлемдесуден басталады. Сәлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс 
береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады. Бұл күні 
адамдар бұлақтарды тазартып, ағаштар отырғызады. «Бұлақ кӛрсең, кӛзін 
аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!» деген сӛз осыдан шыққан болу керек.
Мереке халық ойындарымен, ән салып, би билеумен жалғасады. Дәстүр 
бойынша айтыс ӛткізіледі. Бұл – жақсылық пен жамандықтың, суық пен 
жылының, жаз бен қыстың айтысы. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне 
деген ренішін ұмытып, ӛзіне де, ӛзгеге де жақсылық тілейді. 
Наурыз 
– достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Мерекеде 
дастарқанның басты асы наурызкӛже дайындалады. Наурызкӛже жеті түрлі 
тағамнан жасалады. «Наурызкӛжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы 
тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің 
батасын алады. Бата – үлкендердің ӛзінен жасы кішілерге беретін ықыласты 
тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол 
болсын!» - деп бата береді. Мереке қызған кезде, жастар алтыбақан жанында 
ұлттық ойындар ойнайды. «Кӛкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Жамбы ату» 
ойындары аса бір қуанышпен ӛтеді.
Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. 
Халық таза, жаңа киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып, амандасып тӛс 
қағыстырып жақсы тілектер айтады. 
Ынтымағы жарасқан кӛп ұлтты еліміз бірлігімен ерекшеленген. 
Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа басқа 
да ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор.
(321 сӛз
)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет