1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы



бет53/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

57.Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة‎— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында ҚырымЕділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазаққырғызөзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.ГаспралыШ.МаржаниА.ИбрагимовМ.АбдурашидхановМ.БехбудиА.ФитратФ.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі ҚазанОрынборУфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында СтамбұлМысырБағдат оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”,
Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет