4.Баға индекстері. Жиынтық сұраныс жəне оған əсер етуші факторлар. Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) ТБИ = ағымдағы жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы / базалық жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы ТБИ – тек тұтыну тауарларына ғана есептелетін баға индексі. Бұл индекстің өзіндік кемшіліктері бар. Ал тек тұтыну емес, сонымен бірге инвестициялық жəне басқа да тауарлар бағаларының өзгерісін ескеретін баға индексі – ЖҰӨ дефляторы деп аталады. ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ ТБИ мен ЖҰӨ дефляторының арасындағы айырмашылық: 1) ТБИ – нақты тұтыну тауарларының құнын анықтайды. Яғни, «тұтыну қоржынының» құрылымы өзгермейді (мысалы: қант, шəй, нан жəне т.б.). Ал ЖҰӨ құрамына кіретін өнімдер көлемі алуан түрлі əрі көлемі де өзгеріп отырады. Мысалы, бидайды көп өндірсек, онда ЖҰӨ құрамында оның үлесі жоғары болады. ЖҰӨ дефляторы экономикада өндірілетін барлық та- 33 уарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін есепке алады (мысалы, құрылыс объектілеріне баға өзгерісін, шикізат бағаларын жəне т.б.). 2) ТБИ құрамына импорттың бағасы кіреді, ал дефлятор тек сол елде ғана өндірілген тауарлар бағасына байланысты анықталады. Баға индекстерінің осы түрлері Ласпейрес, Пааше жəне Фишер индекстеріне негізделеді. Фишер индексі – Ласпейрес жəне Пааше индекстерінің орташа геометриялық шамасы. IF = √ IL IP Баға индекстері елдегі инфляция қарқынын, өмір сүру құнының динамикасын анықтау үшін қолданылады. Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің жəне ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады. Экономикалық статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-əрекеттер жасырын жасалады. Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды. АD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда – жабық жəне ашық экономика тұрғысынан қарастырылады. Жабық экономикалық жүйеде сыртқы ортамен ешқандай байланыс болмайды. Сондықтан АD тек ұлттық сатып алушылардың ғана берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін жəне сатып алуға мүмкіндіктері бар соңғы тауарлар мен қызметтерінің жиынтық көлемі ретінде қарастырылады: YD (АD) = C + I + G YD – жиынтық сұраныс ( ЖҰӨ немесе ұлттық табыс); С – тұтыну шығындары; I – инвестициялық шығындар; G – мемлекет-тік шығындар. Ашық экономикалық жүйеде АD толыққанды мынадай төрт макроэкономикалық элементтен (құрауыштардан) құралады: 1. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С). 2. Фирмалардың инвестициялық шығындары (I). 3. Мемлекеттік шығындар (G). 4. Таза экспорт (Xn ). Жиынтық сұранысқа бағалық жəне бағалық емес факторлар əсер етеді. Баға AD-ның аса маңызды детерминантасы болып табылады. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Жиынтық сұранысқа бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады: 1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады. 2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады. 3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады. 4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады. Сондай-ақ, жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына ақша ұсынысы және ақша айналымының жылдамдығы деген факторлар да жатады.