Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).
Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.
Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.
Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.
Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.
Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.
Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.
Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.