2. Алғашқы қауымдық мәдениет



бет19/19
Дата12.04.2022
өлшемі42,17 Kb.
#139057
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
мәдеттану глосаррий

83.Дидактикалық поэзия философиялық, діни, моральдық, ғылыми-танымдық ойлар мен білімдерді поэзиялық пішінде жеткізу барысында олардың тағылымдық мәніне баса назар аударатын көркем шығармалар арқылы айқындалатын түсінік.


84.Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптас­ тырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия­ лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.
85.Неолиттік ревалюция- аңшылық пен жеміс терушіліктен жер ендеуге көшу.

86.Ревалюция- бұл адам қызметінің кез-келген саласындағы ғаламдық қайта құру.

88.Тенгризм
- дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда
және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. 

89.Монотеистік-тек бір ғана Құдай - Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір.

90.Ағартушылық-қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды

91.Зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. 

92.Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.

93.Тайпа — қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады

94.Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну.
95.Дүниетаным- жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.

96.Көшпелі өркениет- негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.

97.Фактор- процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.


98.Отырықшы- халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. 


99.Этнос- бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.


100. Руханият- адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет