83.Дидактикалық поэзия – философиялық, діни, моральдық,ғылыми-танымдық ойлар мен білімдерді поэзиялық пішінде жеткізу барысында олардың тағылымдық мәніне баса назар аударатын көркем шығармалар арқылы айқындалатын түсінік.
84.Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптастырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.
85.Неолиттік ревалюция- аңшылық пен жеміс терушіліктен жер ендеуге көшу.
86.Ревалюция- бұл адам қызметінің кез-келген саласындағы ғаламдық қайта құру.
88.Тенгризм- дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда
және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады.
89.Монотеистік-тек бір ғана Құдай - Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір.
90.Ағартушылық-қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды
91.Зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған.
92.Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
93.Тайпа— қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады
94.Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну.
95.Дүниетаным- жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.
96.Көшпелі өркениет- негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
97.Фактор- процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
98.Отырықшы- халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды.
99.Этнос- бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
100.Руханият- адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.