3.Мәдениет дегеніміз (латын тілінде Civilic - өңдеу, тәрбиелеу, білімберу, да му, сыйлау) - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
4.Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
5.Материалдық мәдениет дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы
6.Семиотика — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы табиғаттағы жануарлар дүниесіндегі коммуникация немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.