14.Контрмәдениет - (лат. contra - қарсы және cultura - өңдеу, егу) - 60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы
15. Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] - әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы.
16.Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
17.Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы.
18. Мәдениет философиясы — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды.