31.Археология мұражайы - Қазақстаннан жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме. Тарих, археология, этнология жанынан 1513 жылдан бастап ашылған. Мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамынынң ежелгі дәуірлерден бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету.
32.Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл – сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сана – сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін - әлемді байланыстыратын күллі Алланың бар екеніне сену.
33.Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым – қатынасының дамыған кезеңдеріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.