Дәрістің мазмұны: .«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні баяндалып, елімізді рухани жетістіктерге таяу жылдарда көтерудің жолдары қарастырылады.
1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасындағы (2004-2009 жж.) рухани қайта жаңғырудың гуманитарлық миссиясы классикалық қазақ тілінің де қайта жаңғыру миссиясы болып табылады.
Расында, 2020 жылы 175 жасқа толып отырған Ұла Абай, «тек сөз арқылы ұлттық «менді» және әлемді танып-білуге болады», - десе, бұл арада белгілі философ Декард ойлағандай, ғұламаларды еуроцентристік философияға құштарлықтан сақтандырып, әркімнің өз тілімен жететін жетістіктерді дәріптеген. Сөите отырып ол, руханиятты адамды оқытыпүйретудегі, тәрбиелеудегі және оған білім берудегі басты нәрсе деп есептеді. Бірақ, руханият сөзінің барлық энциклопедиялық сөздіктнрдегі түсінігі негізінен дін ұғымына жақындап, Рухпен, Мәңгілікпен, Құдаймен және Жанмен болатын ара қатынастардың философиялық түсінігін берсе, бұл идеяны әль-Фараби бастап, Шәкәрім жалғастырған. Олар, руханиятты философияға жақындатып, сол философияның өзіне рухани мән беру кеектігін жақтаса, оның шындығы бүгінде расталып келеді... Біз мына төмендегі деректерге мән беріп көрейік:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізі-Қазақстан жерін мекендеп, «өлгеннен кейін де өмір болады» деп есептеген ежелгі тұрғындардан басталып, ариліктердің ұрпаұтары саналатын сақтарға жетіп, «Мәңгілік тәңір» ұғымын қалыптастырған түркілермен байланысты.
Мысалы, сақ қорғандарындағы мәңгілік өмір бейнесі мен сақ тайпа көсемі тұлпарының әбзелдеріндегі әшекейлер, бүгінде дала дастаны атанып, мәңгілікке ұмтылу идеясын бейнелейтін Күлтегін жазбалары, ажалдан қашқан Қорқыт, жақсы жер іздеген Асан қайғы осының бәрі мәңгілікке ұмтылған өмір тармақтарын білдіреді.
2014-ші жылдың 17-ші қаңтар күні жарияланған кезекті Жолдауда Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым».
2. Болашақтағы қоғамдық сананы жаңғырту мәселелесі Елбасының 2018 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жан-жақты қарастырылған.
Әрбір қазақстандықтың санасының жаңғыруы үшін мынандай бағыттарды білу талап етіледі:
Прагматизм (популизмге бой алдырмаукерек).
Ұлтық бірегейлікті сақтау (Жершілдіктен арылу).
Сапалы білімнің салтанат құруы («Болашақ» сананың ашықтығы (зерденің 3 ерекшелігі).
Рухани жаңғыруға байланысты Қазақстанның таяу жылдардағы міндеттері:
Латын әліпбиі.
«Жаңа гуманитарлық білім(100 жаңа оқулық). 3) Туған жердің рөлін көтеру (Патриотизм).
Халық санасындағы ұлттық қасиетті орындар.
Жаһандық бәсекелестік-мәдениетке қатысты.
Қазіргі замандастар рөлі (100 жаңа есім) болып табылады.
3. Ұлы Даланың қола дәірінен бергі (б.з.б. 2 мыңжылдықта ) өркениеті дегенде, қазақтардың жаратылысы үшін ең алдымен Алтай өлкесінің қадірі ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев, 2018 жылы жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында түркі халықтарының алғашқы мекені Алтай екендігі, жылқыны қолға үйрету мен металь өңдеудің Ұлы даладан басталғаны, Алтын адам, аң стилі мен Ұлы жібек жолының тармақтары, апорт алма мен қызғалдақ гүлінің мекені де осы Ұлы дала екендігі айтылып, шығыс өркениетінің дүние жүзілік маңызы дәріптілді. XVII-XVIII ғғ. басталған еуроцентризм (еуропиялық таным ) ағымы сонау IV ғасырда Алтай арқылы барған Солтүстік Батыс Хұнның Мөде тәңірқұттан кейінгі аты әлемге әйгілі көсемі Еділдің (Аттила) Шығыс Еуропаға жылжуынан басталған азиялық шығыс өркениетін көзге ілмей, күні бүгінге дейін өзінің бүкіл ғылым, ілімбілім саласындағы астамшылдығын сақтап келеді. Басқаны былай қойғанда, VI ғасырдағы Түрік қағанатының дәстүрімен XIII ғасырда Алтай тілдестердің басын біріктіріп, Шыңғыс есімімен хандық құрған моңғол империясының әскери тәртібі мен ел арасындағы байланыс жүйесінің орнықты түрінің тәжірибесін қалыптастырған әлемдік өркениет, әлі күнге дейін өз дәредесінде мойындалмай отырса, бұл да сол еуропалық танымның тәккәпар озбырлығының салдары болып табылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда көшпелілікпен ұзақ жылдар бойы айналысқан еуроцентристік ықпалдағы кейбір зерттеушілер шаруашылықтың осы бір түрін адамзат өркениетінен артта қалу, тіптен жабайылық пен тағылықтың көрінісі ретінде түсіндіріп келді. Бірақ олар, әр аймақтағы көшпелі шаруашылықтың өзіндік даму ерекшелігін түсінбей, көшпелілердің бәріне бірдей «номадизм» атауын меншіктеп тастады. Мысалы, көшпелі және отырықшы шаруашылықты бірдей жүргізе білген еуропалықтар болса, отты қаруды бірінші боп ойлап тауып, жоғары өркениетке қол жеткізгені рас. Алайда, солай екен деп Еуропаға ат үстінде желдей есіп барып, өздерімен бірге тұрмыстық және шаруашылық жарақтар мен жауынгерлік құрал-саймандарды сол Еуропаға жеткізген ариліктердің Қазақстанда болған ұрпақтарының, хұндардың, мажарлардың, қыпшақтардың өркениеттік ізін қалайша тарихтан өшіріп тастауға болады? Осыны қаперіне алған жергілікті тарихшы Т.О. Омарбековтың «номадизмге» берген мына бір анықтамасы көңілден шығады: «Номадизм деп белгілі бір атамекені, географиялық аймағы жоқ және тұрақты көшу бағыттары да айқын емес, қаңғыбас, баспанасыз көшпелілер тобыры аталуы керек».
Бүгінде, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғарыдағы біз айтқан мақаласында «Алтай-түркі халықтарының алтын бесігі» ретінде ерекшеленді. Алайда қазір біз, Алтайды үш мемлекеттің иелігінен көреміз (Ресей-Қазақстан-Қытай).
Соның ішінде, 2005 жылы Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану иниституты «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелерінің» 5 томдық жинағын шығарып, ғылыми айналысқа қосқан еді. Сондағы археологиялық экспедицияға қатысушылар Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатының «Құжаттар каталогінің» 40 томын зерттеді. Жүргізілген жұмыстың барысында Қазақстан тарихына (XVIII-XIX ғғ.) қатысы бар 500-ден астам қытай тіліндегі, шағатай тіліндегі 60-тан астам, ойрат тіліндегі 40-тан астам, сондай-ақ манжұр тіліндегі 3000-нан астам мұрағаттық деректер табылды. Қалай болғанда да, осы тарихи-археологиялық ескерткіштер арқылы «Ұлы Жібек жолының» барлық тармақ жолдарының бір-бірімен түйісер тұсы байырғы Шығыс Түркістаннан өткені мәлім болып отыр.
Сөйтіп, қазіргі архиеолнгия ғылымындағы жаңалықтар мен ежелгі Қытайдың тарихи жазба деректемелерінің өзара үйлесімді зерттеулері көп нәрсені дәлелдеді. «...қазіргі ҚХР-дың солтүстік және солтүстік батыс провинциялары, атап айтқанда, Ішкі Монголия, Хэбэй, Шаньси провинциясы және Нинся, Ганьсу, сондай-ақ Шыңжаң өлкелелері-қадым замандардан бері алтай тілдес соның ішінде түрік-моңғол тілдес көшпелілердің ата мекені, тарих еншісінде қалған ұлан-ғайыр өркениетінің алтын бесігі болды». Алтайлықтарға б.з.б.II мыңжылдықтың басында қазіргі Иран жерінен үндіеуропа тілінде сөйлейтін арилік тайпалар көшіп келіп араласа бастады. Біртіндеп, б.з.д. II мыңжылдықттың екінші ширегінде өсіп-өркендеп, Ұлы дала аймағында орналасқан тайпалардың біраз бөлігі ортақ этноним - «арья» деген атауға ие болды.
Дегенмен, бұл уақытта Алтай тілдестері ретінде танылған тайпалардың (түрік тіліндегілер, моңғол тіліндегілер, манчжур-тунгус тілдестер, корей және жапон тілдестер) бәрі бірдей «арья» этнонимнің құрамында болды деп айта алмаймыз.
Алайда, негізін осы ариліктер құрған андронов мәдениетінің дамуы 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте кезең (б.э.б.XVIII-XVI ғасырлар), 2) өркендеген кезең (б.з.б. XV-XIIIғасырлар), 3) кейінгі кезең (б.з.б. XIII-ғасырлар). Жоғарыда аталған аймақтарда б.з.д. XV ғасырдан бастап табиғи-климаттық жағдайға байланысты бастаған еді. Бұл - ариліктердің 2) өркендеген кезеңіне (б.з.б. XVXIIIғасырлар) тап келеді. Осыған орай аталған аймақтарда мал шаруашылығы қарыштап дамып, жоғары деңгейдегі қола мәдениеті өркендеді. Мыс пен қалайыдан қоспа жасап, темір қорытуды үйренген. Онда әшекей заттарын, еңбек құралдары мен қарулар жасайтын болған. Қанжар, айбалта, найза, сүңгі сияқты кейінгі табылған құралдар соның айғағы. «Ол мәдениетті жасаушылар ең көне қытай жазба деректемелері мен әулеттік жылнамалары бойынша ди, бэйди, жун, шаньжун, сижун, гуйфан, яньюунь және т.б. деп аталатын көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар» ғана емес, сол мәдениетті жасауда ариліктердің де ізінің болғанын жасыра алмаймыз. Оның есесіне тарихи әдебиеттердің көбінде андроновтық тайпа адамының антропологиялық түрі еуропеидтік делінсе, онда ариліктердің еуропадан қоныс аударғанына күмән болмайды. Осы арада айтарымыз, қазіргі немістер өздерін ариліктерден таратса, әрі Қазақстанда жабайы жылқыны қолға үйрету сол ариліктердің келуімен тұспа-тұс келгенімен, қымыз сусынын тағам ретінде бірінші болып игергендер арасындағы бүгінгі өз ара тартыс мәселесінде өркениеттіліктің даму негізі, бәрібір төрт түлік мал баққан Ұлы даланың жергілікті халқынның үлесіне тиесілігі күмән тудырмайды. Осы арадағы жұмбақ нәрсенің бірі – ариліктердің сонау Еуропадан қалай келгені: әрине, сондайлық қашықтағы жерге жаяу келмеген болар; олар басқа біреулерден ығысып келуі де мүмкін; немесе жер, байлық іздеп келуі мүмкін; қалай болғанда да олар, қатал басшы мен адуынды күшке және темірдей тәртіпке сүйенбесе, әрі араларында жер жағдайы мен ел жағдайын білетін көпті көрген ғұламалар болмаса, сол кездегі сахарадан пайда таппақ түгілі, өмір сүрудің өзі қиын болған жоқ-па? Егер олар, Орталық Қазақстан жеріне арып-ашып келген болса, оларды бұл арада тек құл етуден басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ еді; өйткені сол кездегі жергілікті ақсақалдар басқарған әр түрлі тайпалардың күн көрісінде «ғайыптан пайда болған бұндай адамдардың» келуі-жұмыс күші үшін ауадай қажет болатын.
Бүгінгі қазақ дәстүріндегі «Малы бірдің жаны бір», «Ағайын-ащы, малтұщы» немесе, «Мал ашуы-жан ашуы»деген қанатты сөдерздің байыбына барар болсақ, ол сөздердің малды бірігіп баққан адамдардың ымыра-бірлігі мен ынтымағына байланысты айтылғанын түсіну қиын емес. Бұл сөз тіркестерінің мазмұны бірлесуге, топтасуға шағырып, ақыры «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген келесі бір рухани-өнегелік маңызы бар қанатты сөздің тууына дәнекер болса, бұның өзі белгілі бір тайпа бірлестіктерін барабара келімсек ариліктермен бірге ірі қоғамдық бірлесуге қарай жетелеген. Археологтардың б.д.д.1 мың жылдықтың ортасына дәл келетін Есік, Шілікті, Бозық қорғандары, Түгіскен, Ұйғарық кесенелері, Шірік-рабат пен Баланды қалалары сияқты ариліктер қалдырған сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін ашуы көшпелілердің қоғамдық бірлесуге қарай ұмтылысын дәлелдеген тарихи білімдегі ғасырлар бойы қордаланған жұмбақтың сырын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстандағы орта ғасыр қағандықтарының тарихы болса ол, қоғамдық-мемлекеттік қоғамдасуының гүлденген көрінісіне жатады және бұл, Ұлы дала өркениетінің рухани негізінің тағы бір белгісі болып табылады. Логикаға жүгінсек, мал баға бастағандар оның пайдасы ішіп-жемге ғана байланысты деп түсінбеген. Одан бөлек, оның өнімдерін киім ретінде де, тұрмыстық және жаугершілік қажетіне де пайдаланады. Сөйтіп, мал өнімдерінен жасалатын бұйымдарды күннен күнге жетілдіріп, жүре келе қола мен мыс қорытып, олардан ауыздық жасау арқылы мал төресі-жылқыны қолға үйретіп қана қойма, сол мал өнімдерінен әр түрлі ат әбзелдерін жасау арқылы жылқыны жаугершілікте пайдаланса, бұл көрініс те Ұлы дала өркениетінің рухани негізінің келесі бір жетістгі болып табылады.
Осы Ұлы дала тұрғындарының тарихи тәжірибесі көп кешікпей-ақ, азынаған осынау далада тек көшпелі өмір салтымен ғана тіршілікті сақтап қалуға болатындығына көз жеткізді. Осылайша, біздің жыл санауымызға дейінгі III мың жылдықтың өзінде-ақ көшіп-қонуға қолайлы төрт түлік мал түрлерін қолға үйретіп үлгерді. Бұған Балқаштың солтүстік шығысынлағы Сексеуілді тұрағынан, Орталық Қазақстандағы Ботай қыстағынан табылған мал сүйектері, соның ішінде жылқы сүйектері дәлел бола алады. Олай болса, шығыс өркениетінің негізі дәл осы малды қолға үйретуден басталады. Бірақ бұған ариліктердің қаншалықты ықпалы болды? Ол жағын дәл басып айту қиын...Әскери тарихшы К. Аманжоловтың айтуында, б.з. б. XIII-X ғасырларда ариліктердің негізгі қоныс аудару бағыты шығыс және оңтүстік шығыс болса да, көп тайпалар Гиндукуштың арғы жағына-солтүстік Иранға, біраз бөлігі Батыс Иран мен Месотамияға қарай Еуропаға көшіп кетті. Сөйтіп, соңғы деректерге қарасақ, ариліктер б.з.д. I мыңжылдықтың басында Қазақстан мен Орта Азияда өз тіршіліктерін аяқтаған.
Ал б.з.б. X ғасырда Ұлы даладағы ариліктердің орнында олаодың ұрпақтары-сақтар қалды. Олар б.з.б. VII-IV ғасырларда Қазақстанның негізгі жерін мекендеген. Кейбір деректерде сақтарды Ираннан келген және олар түрік тілінде сөйлеген делінеді. Біз айтамыз, олар бірнеше мыңдаған жылдар бойы жергілікті түрік тілдестермен ассимилассияға ұшыраудан кейін ғана түрік тілінде сөйлей алған ариліктердің ұрпақтары. Ал ариліктер болса, жоғарыда айтқанымыздай, б.з.д. III мыңжылдықтар шамасында Ираннан Ұлы Далаға жылжығанда, үнді-иран тілімен сөйлеп келген болатын. Сақтар б.з.б.X ғасырдан патшалық құрып, негізінен Хуанхе мен Еділ өзендерінің аралығында көшіп-қонып жүргенде, қытайлықтардың ізімен далалық көшпелі тайпалардың да басы бірігіп, алтайлық тайпа-хундардың бастауымен ұлы державаға айнала бастаған еді. Б.з.д. 209 жылы хун тәңірқұты қытай императорына жазған сес көрсету хатында былай дейді: «...мен батыстағы...салт ат мініп, садақ тартатын барша қауымды бір тудың астына жинадым». Шындығында да, дәл осы ғасырлар аясында Еуразия даласындағы алтай және үнді-иран тілдес көшпелі халықтар мидай араласып, біте қайнасып кеткен еді. Соның нәтижесінде Ұлы Дала көшпелілері Сақ патшалығы, Хұн тәңірқұттығы, Усунь, Канцзюй мемлекеттері деп аталатын мемлекеттілік пен өркениеттіліктің тамаша үлгілерін орнатты. Сөйтіп, орта ғасырдағы Ордастан Қапқазға дейінгі кеңістікті бір ғана бөрілі тудың астында ұстаған Ұлы Түркі қағанатының іргетасын солар қалады. Дегенмен біздер, Ұлы Түркі қағанатына дейінгі Қазақстандағы Сақ патшалығын, Азия мен Еуропадағы хундар империясын және Үйсін, Қаңлы мемлекеттерінің шығыс өркениетінің рухани негізінің пайда болуындағы орны мен рөлін, әсіресе «қазақ» этнонимі мен оның тілін қалыптастырудағы басымдық ерекшелігін жоғары бағалаймыз. Деректерге жүгінгенде айтарымыз, сақтар - үнді-иран тілінде сөйлеген ариліктердің ұрпақтары болса, хұндар – Ұлы далаға Алтай тауынан асып келген алтай - түркі тілдестердің ұрпақтары, ал әуелде Алтай аймағында хұндармен іргелес өмір сүрген үйсіндер болса, Қытайдың Хйши қысаңы арқылы Жетісу жеріне асып келген көне түрік тілдестердің ұрпақтары болатын. Қазақстанның оңтүстігін мекендеген қаңлы тацпалық бірлестігі, бұл өлкеге үйсіндерден бір ғасыр бұрын шығыстан келіп орналасқан еді. Ақыры,
б.з.б. II ғасырда Ұлы даладағы түркі тілдестердің көбеюінен барып, сақтардың басым көпшілігі Иран жаққа қайта кетті де, біразы үйсіндермен араласып, ассимиласяланды. Қазіргі үйсіндердің кейбірінің түр жағынан сары, бой жағынан ұзын болуы соның әсері болса керек. Өйткені, дәл осы б.з.б. II ғасырдан бастап, Жетісудағы «тиграхауда» сақтары мекендеген жерлерге Алтайдағы хұндардан ығысқан үйсіндердің бір бөлігі Шығыс Памир тау сілемдері арқылы Қытай жақтан келіп орналаса бастаған еді. Жоғарыдағы біз айтқан Хйши қысаңынан асып келе жатқанда, жолай Тәңір (ТяньШань) тауының етегін мекендеп қалған үйсіндердің тағы бір тармағы-қара түргештер болса, олар кейінірек Жетісу жеріндегі әлсіреген Батыс түрік қағандығын алмастырумен тарихта қалды. Ал жалпы үйсіндер болса, б.з.б. II ғасырда Іле өзенінің екі жақ бойына жағалай орналасып, Жетісудағы сақтардан босаған жерді жаппай мекендей бастады.
Рухани бастауымызды неге сақтардан бастамаймыз?-деген заңды сұрақ туындайды. Бұл жердегі басы ашылмаған мәселенің бірі- «Алтын адам» және оның мәйітінен табылған күміс тостағаншаның жиегіне жазылған 26 хәріптің құпиясы туралы болып отыр. Өмірі Қытай жерінде ғұмыр кешкен белгілі тарихшы ғалым Нығмет Мыңжан бастаған бірнеше тарихшылар, Қытайдан өз отанына оралып, қазір әл Фарабй атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры қызметіндегі Нәбижан Мұхаметжан және тәуелсіздік тарихшысы аталып жүрген Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелді т.б. 1969-70 жылдарының басында Есік қаласының маңынан қазылып алынған «Алтын адамды» үйсін бекзадасына жатқызса, кезіндегі белгілі түрколг маман Алтай Аманжолов, күміс тостағаншаның жиегіне жазылған 26 әріптің үнді-иран тілінде сөйлеген сақтарға (ариліктер) емес, ерте түрік жазу үлгісіне тән екендігін айтып кеткен еді. Ал өздерін қазіргі тәуелсіз еліміздің жаршылары деп есептейтін Олжас Сүлейменов пен Мырзатай Жолдасбеков сияқты түркологтар болса, 50 жыл бойы осы мәселеге келгенде жұмған ауыздарын ашпай отыр. Егер, А. Аманжоловтың тостағандағы жазу жөніндегі ұйғарымына сенер болсақ, онда «Алтын адам» расында да баса- бастан, түркіше сөйлеуді бастаған үйсіндердің үлесіне тиесілі. Сақтар болса, Иран жақтан Ақтау асып, Жетісу жеріне келсе, келген болар, бірақ олардың арғы аталары-арилер болса, олардың үнді -иран тілдестерге жататыны зерттеліп-дәлелденген мәселе. Ал үйсіндер болса, сақтар тәрізді тәңірге табынған.
Қытай императорлары б.д.д. I ғасырда мал байлығымен гүлденген Үйсін елімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның күнбилеріне өз қызын беріп, жас жігіттерін сол елге жіберу арқылы үйсін тілі мен үйсін жазуын үйренуді мақсат еткен. Демек осыған қарап айтарымыз, үйсіндер түрік тілінде сөйлеп, сол тілдегі харіпті шығыс әлемінде бірінші болып таңбалаған және Ұлы Даладағы империяның негізін қалаған ірі мемлекет болып табылады. Таңғаларлық жағдай сол, аспан әлеміне табынған үйсін дәстүріндегі бас киімнің қадірі болғаны соншалық, ол қазіргі үйсіндердің де дәстүрінде бар: «Бас киімді жерге тастама, оны жоғарыға ілу керек» немесе, «бас киімді біреуге силасаң ырысың кетеді, от басың мен бас панаңнан айырыласың» деген сөздерді естіп өстік. Сондай-ақ, тәңірге сенген үйсіндер, бас киімнің қадірін қазіргі елтаңбадай түсініп, оның неше түрін жасаған. Солардың ішіндегі таулы жерде үнемі болып тұратын жауын-шашыннан қорғану үшін киетін шошақ бөріктің рөлін жоғары бағалаған үйсіндер, бөрікті салтанатты жағдайда кигенде оны алтынмен аптап, күміспен қаптаған аң-құстар бейнесінің неше түрлімен безендіргенде, оны киген үйсін көсемдерін көрген қарапайым халық, өз көсемін күн нұрынан қуат алатын асқан құдіретті адам ретінде қабылдағн. Сонда адамның басынан да жоғары тұрып, күнмен тілдескен бас киімді ерекше киелі деп түсінген үйсін дәстүрінде, кейін ана болып, баланы дүниеге әкелетін тұрмысқа шыққалы жатқан бойжеткенге шошақ бөрікті, әдемі сәукеле даярлаған. Қыз, келіншек болғанша алғашында бас киім рөлін атқарған шошақ бөрік үлгісіндегі сәукеле, қыз тұрмысқа шыққаннан кейін киілмей, керегеден жоғары биік жерге ілінетін болған. Тәңірлік сенім түсінігі бойынша, сәукеленің келесі қызметі ананың амандығы мен ұрпақтың көбеюін қадағалау болған. Яғни, бұл кезеңдегі сәукеле, ырым бойынша жақсылық әкелетін тұмардың қызметін атқарған.
Түйіндеп айтар болсақ, Дала өркениетінің рухани жаңғырудағы бүгінгі өнегесінің мәні оның «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне қосатын үлесімен байланысты. Расында, Ұла Абай, «тек сөз арқылы ұлттық «менді» және әлемді танып-білуге болады»-десе, бұл арада философ Декард айтқандай, ғұламаларды еуроцентристік философияға құштарлықтан сақтандырып, әркімнің өз тілімен жететін жетістіктерді дәріптеген абзал. Декар, руханиятты адамды оқытып-үйретудегі, тәрбиелеудегі және оған білім берудегі басты нәрсе деп есептеді. Бірақ, руханият сөзінің барлық энциклопедиялық сөздіктнрдегі түсінігі негізінен дін ұғымына жақындап, Рухпен, Мәңгілікпен, Құдаймен және Жанмен болатын ара қатынастардың философиялық түсінігін берсе, бұл идеяны әл-Фараби бастап, Шәкәрім жалғастырған.
Дегенмен бүгінде, Абайдың туған күнін ұлтымыздың рухани жаңғыру күні десе де болады. Абайдың осы бір жанама атын әжесі Зере қойған деседі. Бұны: «Абайлап жүр шырағым!», - деген жанашырықтан емес, болашақта халыққа жанашыр ұлдың дүниеге келгенін болжаған көріпкел әжеміздің сәуегейлігінен қойылған ат деп бағалаған жөн. Тарихта ондай әжелеріміздің көп болғаны белгілі. «Ұлы сөзде ұяттық жоқ», - дегенге сүйенсек, «Болар бала-боғынан» деген қазақтың тағы бір мәтелі бар. Осы орайда Абай тілі шыққаннан бастап адамға жақындығымен көзге түскен бозбала бола білсе керек.
Білеміз, өсе келе Абай, көпшіл болып өсті. Бірде әкесі Құнанбай: «Сен ит, құс ішетін шалшық су сияқтысың», - дегенде, Абай: «Ілеудің біреуі болып айдын көлден су ішіп адам болғанша, көппен ішкенге не жетсін!», - деп өзінің халықтың ұлы болып қалатынын айтқан екен.
Бүгінде, Президент тапсырмасымен үкіметіміз Абайдың туған күнін «Абай күні» деп жарияласа, бұл бекер емес. Өйткені Абай, Президент айтқандай, өз заманындағы ұттың күмәнсіс реформаторы. Қандай да қилықиын заман болмасын Абайдың лирикалық өлеңдері мен қара сөздері бүкіл қазақтың жадынан түспей келе жатса, бұл әлде біреулер айтпақшы, Абайға табыну емес. Бұл - Абаймен үндесіп, қиналғанда, немесе адамның бойын шабыт билегенде Абайдан рухани нәр алу деген сөз.
Мәселе, дәріптеуде емес, істен нәтиже шығара білуде. «Көп айтса болды... көнді», - деп Абайдың өзі айтпақшы, бүгінде бізге дақпырттың керегі жоқ. Тіпті, «Қолда барда алтынның қадірі жоқ!», - демекші, «Анау бүй депті, мынау сүй депті», - деп елірудің де қажеті жоқ. «Бәрін Абай айтқан!», дегеннен де аулақ болайық. Бірақ, сөздің шындығы, Абайдың мұрасы қазақ ұлты үшін таусылмайтын рухани мұра. Осы рухани байлығымызды шашау шығармай пайдалана білсек, Қазақ еліні айының оңынан туатынына сенім мол.
Бақылау сұрақтары:
«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызын қалай түсінесіз?
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тұжырымдары мен таяу жылдары іске асыратын жобаларына сеніміңіз барма?
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы тарихи сананы жаңғырту тұжырымдары мен жобалардың іске асырылуына көзіңіз жете ме?
Достарыңызбен бөлісу: |