№2 басылым беттің -шісі «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің


ТӘУКЕ ХАН (1680-1718) ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕРІ



бет3/4
Дата24.04.2017
өлшемі1,14 Mb.
#14860
1   2   3   4

ТӘУКЕ ХАН (1680-1718) ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕРІ
Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер сұлтандары әлсіретіп,хандық өкіметтің үстем болуын жақтады. Ол жоғарыда аталған бас билермен кеңесе отырып Жеті жарғы әдет зандарын шығарды.Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенмен, жинақ феодалдық құрылысты нығайтуға бағытталған еді.Тәуке ханның хандықты нығайту әрекетінен нәтиже шықпады:қазақ хандықтары бытыраңқы күйде қала берді. Тәуке хан енді Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы шығу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Өйткені 1690 жылдардың аяғында басталған ойрат және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым болып тұрды.

Тәуке хан ел басқаруда беделі зор билер мен батырлардың тобына сүйеніп, феодалдық бытыраңқылыққа бейім тұрған хандар мен сұлтандардың рөлін тежеуге тырысты. Ол тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін құрып, жыл сайын Құлтөбеде (Ташкент түбінде) Үш жүздің шонжарларын шақырып съезд өткізіп тұрды. Билер тобының қатысуымен Үш жүздің арасындағы маңызды мәселелер шешілетін болды. Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласты. Бірте-бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.



Төле би туралы. Төле би шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы (1991 жылдан Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақын, жекжатөжұрағат, тіпті алты алаштың арасындағы қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары, биік болған.

Қаз дауысты Қазбек би туралы (1667-1764 ж.). Қазбек би – Отра жүздің “Төле биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында “Жеті жарғы” әдет-гұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.

Қазбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, оның мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.

Қаз дауысты Қазбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.

Қазбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ажмет Иасауи сағанасына жерленген.



Әйтеке би туралы. Әйтеке Бәйбекұлы (1683-1767ж.) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан Тәуке ханның кеңесші, қөмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысқан, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.

16,17,18-Сабақ. 6. Сөз таптары. Сөз тұлғасы.

Мәтін: Қансонарда бүркітші шығады аңға. Саятшылық құру.

Аралық бақылау жұмысы
Сөздің негізгі мағынасын білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Түбір сөздің құрамы әртүрлі болады.

Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы 5 түрге бөлінеді:

1. Негізгі түбір

2. Туынды түбір

3. Біріккен түбір

4. Қосарлы сөз

5. Қысқарған түбір

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.


Құсбегі

Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға, адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды тор құрып ұстап алады, немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Одан кейін құсты ұшырып, қайыруы (үйретуі) жеткен соң, семіртіп түлетеді. Жеңіл ұшып жеңіл қонатын күйге келтіру үшін оны «ақ жеммен» асырап, бос керілген арқанға қонақтатып ұйқысын алып, қайта арытады.

Құсбегілердің аса жоғары бағалайтын құсы – бүркіт. Аққу мен бүркіт қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл екеуі екі жұмыртқадан артық жұмыртқаламайды.

Бүркіт ұясын ең биік ағаштың басына, не тау шыңдарының ең биік құз жартасына, жел мен аяздың нағыз суық өтіне салады. Онысы – бүркіт өз ұрпағын жұмыртқа кезінен балапан болып, одан ұядан ұшып шыққанға дейін табиғаттың қатал ортасында шынықтырып шығару.

Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше түрліқиындықты бастан кешіреді. Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар алғыр, өжет, қырағы болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады. Ең алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері «таудың ақ иығы» деп аталады. Бұлар қасқыр, аю, бұғы сияқты ірі аңдарды да алады дейді. Құсбегілердің айтуынша, бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтатуға шамасы келмей бара жатса, бір аяғын аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен. Мұндай жағдайда күшті аңдар бүркіттің денесін екіге бөліп әкететін жағдай да болатын көрінеді.

Бүркіт те өзге құстардай жыл сайын ескі жүнін тастап түлейді. Осы кезде құсбегілер «ақ жем» беріп арықтатып, олардың тез түлеуіне көмектеседі.

Құсбегі бүркітке жаңа ғана алған аңның жүрегін жұтқызады. Оны «тоят» дейді. Кейде бүркіт иесі жеткенше алған аңын жүн-мүнімен жұтып жиберіп, «қоя» деген ентікпе ауруына ұшырайды екен. Сондықтан құсбегілер жүйрік атпен бүркіттің артынан іле-шала жетуі керек екенін айтады.

Орта Азияда бүркіт ұстайтын құсбегілер қазақ пен қырғызда ғана көрінеді. Өзге халықтардың ұстайтындары – тұйғын, лашын, қаршыға, ителгі, тұрымтай, қырғи, жағалтай сияқты майда құстар.


Мәтін бойынша тапсырмалар.
1-тапсырма: Мәтіннен негізгі түбір және туынды түбірлерді тауып жазыңыздар.

2-тапсырма: Ысқыш, малшы, Қазақстан, мақтаншақ, оқушы, білім сөздерінің қай түбірге жататынын анықтаңыздар.
3-тапсырма: "Шанақ" "ен", "перне" "тиек", "ширатылу" сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап келіңіздер.
4-тапсырма: Негізгі және туынды түбірлерге бірнеше мысал келтіріп, сөйлем құраңыздар.
5-тапсырма: Мәтінде айтылмаған тағы қандай аспаптарды білесіндер, олар туралы мағлұмат жинап, сабақта айтып беріңіздер.
Аңшылық ұсақ құстар

Ителгі-жүні сары шұбар,қанаты ұзын , мойыны ақжал,көзі қап-қара құс. Ителгінің қайырыуы (үйретуі) өте қиын болады. Ал үйретіліп болса,ол-өте өжет және алғыр құс. Ителгінің мөлдіреген қара көзі өте әдемі әрі сүйкімді.

Алдырған томағасын ителгідей,

Көзіңнен айналайын жаутандаған,- деп келетін халық өлені мұны растай түседі.

Лашын-қанат,құйрығы ұзын, тұмсығы имек, сарғыштау құс. Үйректі оңай алғанымен,қазды алу оған қиынға түседі. Бұл да ауыз әдебиетінде әлденше рет теңеу ретінде жұмсалған:

Лашын құстай шүйілген,

Жеңсіз берен киінген,

Жалғыз қара көрінді.

(«Батырлар жыры»)

Қаршыға- тұмсыға иілген, шағын денеді алғыр құс. Мұның да сұлулығы әнге қосылып, әсем теңеуге баланған:

Қаршығы төс, қаз мойын Ғалияжан,

Әлде нендей болады заманымыз?

(Балуан Шолақ)

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жалықпайды (мақал)



Тұрымтай – Лашын тұқымдас, қанатының ұшы қызыл, түрі күйкентайға ұқсас құс. Ауыз әдибиетінде көбінесе «кішкентай» сөзіне синоним ретінде жұмсалады. Мысалы, «Тұрымтайдай бала едің сен » - сен кішкентай ғана бала едің.

Мәтін бойынша тапсырмалар:
1-тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыздар.
2-тапсырма: Ән, күй, халық сөздерінен туынды түбір жасаңызздар.
3-тапсырма: Ақын, жырау, термеші, өлеңші, әнші сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап келіңіздер.
4-тапсырма: Көңіл-күй, жыр-дастан, аңыз-әңгіме, сан-салалы, бірде-бір сөздері қай түбірге жатады?
5-тапсырма: Мәтіннен бірікксн сөздер мен қос сөздер тауып жазып, жазылу емлесін түсіндіріңіздер.
19,20,21-Сабақ. 8. Зат есім.Сын есім.

Мәтін: Қазақ даласының батыр қыздары. Томирис патшайым туралы аңыз. Ұмай ана. Айша бибі. Әлия Молдағұлова.
Зат есім (Имя существительное)
Заттық ұғымды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз абын зат есім деп атайды.

Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы Семей қаласында туған. Өлең айтуды әкесі Ахмет, шешесі Майнұрдан үйренген.

Бибігүлге бала кезінен қиындық кешуге тура келді. Отан соғысы басталды. Әкеден айырылып, шешесінің көмекшісі болды. Жанұясына қалай да болсын көмек беру үшін Бибігүл жұмысқа ор-наласады. Басында кинотеатрда киномеханиктің көмекшісі болып, кейін ет комбинатына жұмысқа кіреді.

Бибігүлдің жұмыс кезінде ән айтқанын естіген цех бастығы Лебедев қасына келіп: "Сенде талант бар, саған оқу керек", -деді. Көп ұзамай Семей қалалық комитеті Бибігүлді Алматыға жібереді. Бұл жолы жолы болмайды. 1948 жылы Семейде бүкіл облыстық көркем өнер көрінісі болады. Ет комбинатынан Бибігүл қатысып, Латиф Хамидидің "Қазақ вальсін" орындап, әділ қазылардың жоғарғы бағасын алады. Концерттен кейін Совет одағының жазушысы Серебряковпен кездеседі. Сол жолы оның таланты бағаланып, мақтау қағазын алады.

1951 жылы студенттік кезінде Бибігүлді қазақ радиосына солистік жұмыска шақырады. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақ фи-лармониясының әншісі болып, Қазақтың опера және балет теат-рында еңбек етті.

Әнші өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жетеді. Ол бұл тұрғыда қазақ бұлбұлы атанады. Өнерінің арқасында республикада ғана емес, бүкіл дүние жүзіне де танылады.

Жаттығу жұмыстары:

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын койып жазып, қай септік екенін айтыңыз.
Жазғытұрым қалмайды қыс... сызы,

Масатыдай кұлпырар жер... жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күн... көзі.

Жаз... көркі енеді жыл құсы...,

Жайрандасып жас күлер құрбысы...

Көр... жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысы...

(Абай)

2-тапсырма: Мәтінді оқып шығып, септік жалғаулы сөздерді табыңыздар. Жай септеулі сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздердің септелуіне назар аударыңыздар, ерекшеліктерін айтыңыздар.

Бала дүрбісін бағыттап алып, мұржасы қисайған сұрықсыз жаман үйден көз алмайды. Маңдайшасында жұқа тақтайға қолмен жазылған "Мектеп" деген сөз бар. Бала әлі хат танымаса да, осыдан басқа сөз жазылмағанына іштей сенеді. Бұл дүрбінің ғажабы - тыр-накшай дүниенің өзін айдан анық көрсетеді. Ол мектепке қалай ба-ратынын, сол есіктен қалай кіретінін көзіне елестетті.

(Ш.Айтматов.)

3-тапсырма: Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздерді табыңыздар. Қай септікте тұрғанын айтыңыздар.
Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады.

Толқын мен толқын жарысады,

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен.

Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын еппен ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзге бұралып,

Жарға жетер ентелеп.

(М.Жұмабаев.)


4-тапсырма: Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңіздер, ол жалғаулардың неліктен түрліше болғандығын түсіндіріңіздер.

Қала. Әкем. Атасы. Күрек. Сағат. Үй. Інісі. Апам.

5-тапсырма: Бірнеше көмекші есімдерді септеңіз.



1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
2. Берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктің
көмегімен түсіндіріңіз.

Шалқар, көңіл, шағала, меншіктеу, қалықтау, саф (таза).


  1. Берілген мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді теріп жазыңыз.




  1. "Еділ мен Жайық" әнін жаттап алыңыз.



22,23,24-Сабақ. 9. Сын есім.

Мәтін: Адамның мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі.
Сын есім (Имя прилагательное)
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер көбінесе анықтауыш болып келеді.

Тұлғасына қарай: негізгі сын есім, туынды сын есім.

Құрамына қарай: дара және күрделі сын есім.

Мағынасына қарай: Сапалық және қатыстық сын есім.


Сын есімнің шырайлары

  1. Жай шырай

Мысалы: биік, жақсы, тәтті, қызыл т.б.

  1. Салыстырмалы шырай

Мысалы: ауырырақ, кішірек, үлкендеу, жылылау, ақшыл, көгілдір, сарғыш, қызғылтым

  1. Күшейтпелі шырай

Мысалы: сап-сары, жап-жарық, аппақ, көкпеңбек.

  1. Асырмалы шырай

Мысалы: өте жарық, тым ауыр, аса маңызды, ең әдемі.
Әйгілі ән қалай туды?

Толқыны тулай аққан айдыны кең екі өзеннің шалқар келбетін көз алдымнан да, жүрегімнен де кетірмей жанымды тумаған жаңа бір саздың қуаты кернеп, бірде қуанып, бірде мұңайып жүрсем, "Советтік Қазақстанның картасы" дейтін тұсқа, ілетін картаға көзім түсе кеткені. Қарап өз көзіме өзім сенбедім. Менің меншіктеп, не бір сұлу суретке теңеп, жүрегімді тербеп жүрген қос өзенімнің бірі - "Волга" атаныпты (Еділ емес). Бірі - "Урал" атаныпты (Жайық емес). Құдайдың құдіреті, бұл не сұмдық... Жүрегім сыздап ауырсын. Екі өзеннің жарыса акқан айдынын, кең панорамасын көкірегімде күй ғып тербеп, қиялдағы сұлулыққа сүйсіне, іштен түртіне маза бермей жүрген бір сазыңда шалқып жүргенімде, мынасы несі деймін. Қараптан қарап екі ұдай ойда қалдым.

1981 жылдың күзі. Үлкен баламыз Бауыржан үйленіп мәре-сәреміз. Бір дәрігер досымыз қонаққа шақырды. Көңіл көтеріңкі. Со бойда төрде тұрған күй сандыққа мені бір күш жетеледі. Жетке-німше "Құлпырады дала ..." көңіліме орала кетті. Асыға күй сан-дықтың пернесін бір қолыммен басып, әлгі әуенді жалма-жан түсірдім. Бақсам, алты тактыны алыппын. Терезеге қарап сәл ой-ландым. Көз алдыма шалқыған қос өзеннің шексіз айдыны, боз дала, қалқыған кеме, ұшқан қаз-үйрек, қалықтаған шағалалар келді. Анық көрдім.

Бас-аяғы 3-4 минутта ән тұтас шықты. Қайыра ойнадым. Саф таза. Енді сөз керек.

Қарашаның соңғы күндерінің бірінде телефон безілдеп қоя берді. Алсам, Жұба-ағаң!

- Илья, сенбісің? Жаңа ойландым, тыңда, үш шумағын бірден түсіріпті. Ойнап тұр.

Жұбан Молдағалиев оркестрмен қосыла айтқан Зейнеп Қойшыбаеваны тыңдап: "Мына әнмен сен Илья, талай жерге бара-сың. Рухы зор ән екен! - деді. Сүйсінгені болар.

Еділ мен Жайық

Құлпырады дала, гүлдейді орман

Емізеді егіз Еділ мен Жайық.

Ақ шағала айдын, ақталған арман,

Тербеледі кеме, ойнайды қайық.



Шырқалады әндер, жан-жүрек іңкәр Салқындайды сұлу Еділ мен Жайық

Әуелейді адам, самғайды сұңқар

Шығандарға, шыңға қанатын жайып.

А-а-а, ағады шалқып,

аққулары қалқып, Еділ мен Жайық.
Жаттығу жұмыстары:

1-тапсырма: Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.



Көңіл, кеме, тербеледі, шайқалады, жайқалады, ән, әсем әуен,
шалқар.

2-тапсырма: Негізгі және туынды зат есімдерді бөлек-бөлек жазыңыз.



Әдебиетші, аздық, жұртшылық, жол, бала, жолдас, пікірлес, саудагер, білім, білгіш, әке, ата-ана, су, терезе, желдеткіш, кең, кеңшілік, гүріл, бидай, батырлық.

3-тапсырма: Морфологиялық талдау жасаңыз. Зат есім түрін анықтаңыз.

Бұл жердің жағдайын Досан көбейту кестесіндей біледі. Ғани, сен мені шығарып салшы. Мұнда терек пен қайың көп өседі. Маржанның Астана қаласында туысқандары бар. Балалар мал өсірудің жайымен таныссын. Жылқы мен сиырларын жетелеп келіп жатқандар көп.
4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыздар.

5-тапсырма: Кең, сұлу, боз сөздерінен салыстырмалы шырай тұлғасын жасаңыздар.

25,26,27-Сабақ. 10. Сан есім. Сан есімнің түрлері.

Мәтін: Интернет – адамзат санасының жетістігі. Компьютер тарихы.
Сан есім

(Имя числительное)
Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.

Имя числительное обозначает количество, порядок предметов. Отвечает на вопросы қанша? неше? (сколько?) нешінші? (который?).

Сан есімнің мағыналық түрлері

(Разряды имен числительных)


Түрлері

(Типы)

Сұрақтары

(Вопросы)

Жасалу жолдары

(Способы образования)

Мысалдар

(Примеры)

1. Есептік

қанша? неше?




бір, екі, үш, торт, бес,

(Количест-

(сколько?)




он, жиырма, отыз, елу,

венные)







жүз, жүз мың, бес мың

2. Реттік

нешінші?

-ЫНШЫ, -ІНІІІІ,

бірінші, оныншы,

(Порядковые)

қаншасыншы?

(который?)



-ншы, -нші

жүзінші, мыңыншы

3. Жинақтық

нешеу?

-ау, -еу

біреу, екеу, үшеу,

(Собира-

(сколько?)




төртеу, бесеу, алтау,

тельные)







жетеу

4. Топтау

нешеден?

-дан, -ден,

бестен, оннан, жүзден,

(Раздели-

қаншадан?

-тан, -тен,

отыз бестен, екі-екіден,

тельные)

(по сколько?)

-нан, -нен

бір литрден

5. Болжалдық

қанша? неше?

-дай,-дей,

елудей, отыздай,

(Предполо-

қаншадай?

-тай, -тей,

жетпістей,

жительные)

нешеге жуық?

-даған,-деген,

ондаған, жүздеген,




(приблизи-

-таған,-теген

мындаған




тельно

-ер

бірер




сколько?)

-лап, -леп, -дап, -деп,

ондап, елулеп, жүздеп







-лар+септік жалғ.

ондарда, елулерде







есептік+есептік

екі-үш, елу-алпыс

6. Бөлшектік

қанша? неше?

есептік+шығыс сеп

оннан бір, бір бүтін

(Дробные)

(сколько?)

жарты, жарым,

бестен үш, мың жарым.







ширек

жүздің жартысы



Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма: Төмендегі сөздердің сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Үлгі: Ұзын арқан. Ұсақ моншақ.



Ұзын. Қысқа. Аласа. Биік. Ақ. Қызыл. Көк. Сұр. Қатты. Жұмсақ. Сұлу. Лас. Таза. Нас. Ақ. Жаман. Үркек. Өткір. Білгір. Зе-рек. Алғыр. Елгезек. Қу. Сараң.
2-тапсырма: Мәтіннен есептік, реттік сан есімдерді тауып, олардың жазылу емлесін еске түсіріңіздер.
3-тапсырма: Төмендегі есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазып, емлесін есте сақтаңыздар.

10, 50, 17, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 100 000.


4-тапсырма: Төмендегі мақалдарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазыңыздар.

1. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 2. ... сом ақшаң
болғанша, ... жолдасың болсын. 3. ... кісінің түсін білгенше, ...
кісінің атын біл. 4. ... саусақ бірдей емес. 5. Білекті ... жығады, білімді... жығады.
Керекті сөздер: тоқсан, бір, мың, бес, жүз, он.
5-тапсырма: Күрделі сан есімдер қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.

Су және өмір

Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің 65% судан тұрады. Егер судың мөлшері 10-20 % кеміп қалса, адам өледі. Су адам организмінде тазартқыштық қызмет атқарады. Су денесіне керексіз заттарды жуып-шайып отырады.



Бір килограмм өсімдік, дән, жемісті өсіру үшін орта есеппен екі тонна су қажет болады. Адам тамақтану процесінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс тонна су ішеді.

Атмосферада су өте көп. Жер бетінің шаршы километрі үстінде орта есеппен алғанда 20 мың тонна су "қалқып тұрады". Ол бу күйінде болады.

Дүние жүзінде көптеген қалаларда тұщы су жетіспейді. Әсіресе Токио, Париж, Нью-Йорк пен Филадельфия қалаларында су тапшы. Дүниежүзілік өзен суының ішінде төрт мың текше кило-метрден артығы біздің елдің үлесіне тиеді. Жалпы алғанда дүниежүзілік өзендердің суы шамамен 30 мың текше км тең деп есептеліп отыр.

28,29,30-Сабақ. 11. Есімдік. Етістік.

Мәтін: Туған-туыс атаулары. Туыстық-қарым қатынас.
Есімдік (Местоимение)
Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.

Местоимения — это слова, которые указывают на предметы и лица или их признаки, но не называют их.


Түрлері

(Типы)

Мысалдар

(Примеры)

I. Тұлғасына қарай

(По способу образования)



1. Негізгі

(Непроизводные)



мен, сен, не, кім

2. Туынды

(Производные)



біреу, мынау, қандай, барлық

ІІ. Құрамына қарай

(По составу)



1. Дара

(Простые)



ол, анау, сонау, қанша

2. Күрделі

(Сложные)



бірнеше, кейбіреу, ешкім, әрбір, бірде-бір, қай-қайсы, кімде-кім

ІІІ. Мағынасына қарай

(По значению)



1. Жіктеу

(Личные)


мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, олар, сіздер

2. Сілтеу

(Указательные)



бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, міне, әні, сона, сонау, әне, әнеки, ана>

3. Сұрау

(Вопросительные)



кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қанша? қайсы? қайдан? қайда? нешеу?

4. Өздік

(Возвратные)



өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз

5. Белгісіздік

(Неопределенные)



а) бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, біреу-
міреу, кейбір, кейбіреу, қайсыбір

ә) әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрдайым, әрқашан



б) әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әрне-
ше, әрқалай, әлдеқашан, алдақашан

6. Болымсыздық

(Отрицательные)



еш, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда, ештеме, дәнеме, ешқайсы, түк

7. Жалпылау

(Определительные)



бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, бүткіл, түгел

1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мақсаты қандай соны анықтаңыздар.



2. "Шөпшек", "абақты", "имандылық", "туажат", "ат тергеу
дәстүрі" сияқты сөздерді теріп жазып, түсіңдірме сөздікпен жұмыс жасаңыздар.

3. Қысқаша жоспар құрып, мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.



Туыстық қарым-қатынас



Ата-бабаларымыз "адам адаммен бай", "кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар" деп адам арасындагы қарым-қатынасқа зор мән берген.

Үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу, тіпті бейтаныс жолаушыға қой сойып, дастарқан жаю, сот-абақтысыз-ақ ел арасындағы түрлі дау-жанжалдың әділетті шешімін табу және т.б. - бұның бәрі қазақтың қоғамдық қарым-қатынасының имандылыққа, жалпы адамгершілікке сүйенген негізін, бір тәртіпке бағынған жүйелілігін дәлелдейді.

Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі - туыстық қарым-қатынас.

Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас (еркек тарапынан) жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақты қазақтар "немене", я "туажат'* деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. "Немене" деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал "шөпшек" шөбереден кейін. Шөпшек деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.

Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты" деген сөз туыстық карым-қатынастың бағытын, ор-нын көрсетеді.

Жігіттің екінші жұрты - шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық-атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

Қазақта қандас туыстық әке тарапынан ғана жүргізілгендіктен жиендерді бөтен ру деп есептеген. Соңдықтан да халық "Жиен ел болмас, желке ас балмас" деп, оның туыстық алшақтығын айтқан.

Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары - қайын жұрты. Екі елдің арасында қыз беріп, қыз алысса құдандалық қарым- қатынас, күйеу мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Құда болған ауылдың әйелінің барлығы құдағи; қыздарының барлығы құдаша деп аталуы - қазақ халқының ат тергеу дәстүрінің бір көрінісі.

Қайын жұрты "Пайғамбар да күйеуін сыйлапты" деп күйеуді әр уақытта сый тұтады. Алған әйеліне дұрыс қарап, жақсы адам-гершілік қасиетін білдірген күйеулер қайын жұртына сыйлы, ерке болады. Қайын жұрттың әр шаңырағы күйеудің сыбағасы деп әрдайым төс сақтайды.

Күйеуіне әйелінің әпкесі - қайын бике, сіңлісі - балдыз. Әй-елінің сіңлілері мен бауырларына оның күйеуі – жезде.

Жезде мен балдыз арасындағы қарым-қатынас қазақ ха-лқында ерекше сыйластықпен, ойын-күлкімен, әзіл-қалжыңдасумен

сипатталады.

Ағайыңды кісілердің әйелдері - абысын, ағасының әйелі -жеңге, інісінің әйелі - келін, апалы-сіңлілерінің күйеулері - бажа, олардың балалары - бөле, апаның күйеуі - жезде (баласы жиен), сіңлісінің (қарындасының) күйеуі - күйеу бала (баласы жиен).

Сонымен, қазақта туыстық және құдандалық салттарға бай-ланысты әр түрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық әрекеттер болады. Бұл жоралғылардың әрқайсысының өзіне ғана тән сан қилы бөлекше міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Оларды әр уақытта білетін де, оны бұлжытпай жүргізуге тырысатын.
* * *

Інісі бардың, тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

Жақынға өтірігіңді айтпа,



Шетке сырыңды айтпа.

Ағайын тату болса, ат көп,

Абысын тату болса, ас көп.

Көсеуің ұзын балса, қолың күймес, Ағайының көп болса, ешкім тимес.

Ағайынның азары болса да безері болмайды.

Ауыл сыйласа, сен де сыйла,

Әкеңнен қалған құл емес.

Ауыл сыйламаса сен де сыйлама,

Ол патшаның ұлы емес.

Мәтін бойьшша тапсырмалар.

1-тапсырма: Мәтіннен синоним сөздер тауып, өз мысалда-рыңызбен толықтырыңыздар.

2-тапсырма: Сұлулыққа, туыстыққа, тұрмыс-салтқа байланысты 10 тұрақты тіркес жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.

3-тапсырма: Төмендегі тұрақты тіркестердің беретін мағынасын анықтаңыздар.

Жүрек жұтқан

Ит өлген жер –

Аузына құм құйылу –

Кежегесі кейін тарту

Үріп ауызға салғандай –

Көзге түртсе көргісіз -

4-тапсырма: Мәтін соңындағы мақал-мәтелдерді оқи отырып, туыстық қарым-қатынасқа байланысты тағы да 5 мақал-мәтел ойлап жазыңыздар, мағынасын ойлап жазыңыздар.


5-тапсырма: Иман, сыбаға, жоралғы, жеті ата сөздерін қалай түсінесіздер. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. Мәтінді мән бере, дауыстап оқып шығыңыздар.



2. Мәтінде берілген мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіріңіздер.

3. Мәтін соңында берілген мақал-мәтелдерді оқып, жаттап алыңдар.
31,32,33-Сабақ. 12. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары.

Мәтін: Жақсы ат - ер серігі. Жылқы – малдың патшасы.
Етістік

(Глагол)
Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Глагол обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что делать? что сделать?


Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

I. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

оқы, жаз, бар, кел, бер

(По способу

(Непроизводные)




образования)







2. Туынды

тұзда, ойна, кешік,




(Производные)

тазар

П. Мағынасына

1. Негізгі




қарай

(По значению)

(Основные)

Ал, қал, көр, сөйле, әкел

2. Комекші

а) е, ет, де




(Вспомогательные)

э) бол, әкет, тұр, шық

III. Объектіге

1. Салт

бар, кел, отыр, жүр, тұр

қатынасына қарай

(По отношению



(Непереходные)










к объекту)

2. Сабақты

(Переходные)



жаз, ал, бер, айт, аш, жап

IV. Іс-әрекеттің

1. Болымды

бар, кел, окы. жаз

орындалуына қарай

(По отношению к результату



(Положительные)




2. Болымсыз

барма, барған жок,

действия)

(Отрицательные)

келген емес

V. Құрамьша

1. Дара (Простые)

жаз, окы, ойна. гүлде

қарай







(По составу)








Нақ осы шақ (Жай түрі)

Собственно-настоящее время (Простая форма)
Нақ осы шақ сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.

Нақ осы шақтың жай түрі отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктеріне жіктік жалғауының тіркесуі арқылы жасалып, іс-әрекет, қимылдың тура сөйлеу кезеңінде болып жатқандығын білдіреді.



Болжалды келер шақ

(Будущее предположительное время)
Еолжалды келер шақ алдағы уақытта болатын іс-әрекеттің жүзеге асу. аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады.

Мақсатты келер шақ

(Будущее время цели)

Мақсатты келер шақ істелетін істі мақсат ете айтады, алда болатын қимыл-өрекетті ашық білдірмейді.

Ауыспалы келер шақ

(Переходное будущее время)
Ауыспалы келер шақ контекстегі сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет