2 бжб қазақ тілі жаратылыстану бағыты 11-сынып жмб оқу мақсаты



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі18,26 Kb.
#154984
  1   2   3
Байланысты:
БЖБ 2 казак


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2 БЖБ қазақ тілі жаратылыстану бағыты 11-сынып ЖМБ
Оқу мақсаты
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
Бағалау критерийі Білім алушы

        • Ғылыми стильдегі тезистің құрылымы мен рәсімделуін

ескеріп, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;

        • мәтін үзінділері деңгейінде қойылған тыныс белгілерін ажырата біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Тапсырма. Тезиске қойылатын талаптармен танысыңыз.
Тезис – баяндаманың, лекцияның, ғылыми мақаланың, хабарламаның қысқаша
тұжырымдалған негізгі қағидалары. Тезис – ғылыми жұмыстың алғашқы бастамасы, сондай-ақ, аннотация, реферат, мақала авторының екінші мәтіні болуы да мүмкін. Тезис өз баяндамаңыздың қысқартылған нұсқасы болады. Екінші тезис нұсқасы өзге автордың бірінші нұсқасының негізінде жазылуы мүмкін. Көтеріліп отырған тақырып тезисте қысқартылып, логикалық жүйелілікпен ұсынылады.
Әр азат жолды құрайтын әр тезис әрбір шағын тақырыптан мәлімет беріп отыру керек.
Егер жоспар тек қарастырылатын сұрақты ғана қарайтын болса, ал тезис осы сұрақтарды
шешудің жолдарын қарастырады.
Тезис төмендегідей қатаң нормативтік мазмұндық-композициялық құрылымнан тұрады:
1. кіріспе бөлімі, онда мақсаты, міндеті қарастырылады;
2. негізгі тезис мазмұны;
3. қорытынды тезис.
Тезис мазмұнының нақты логикалық бөлінуі екі түрлі: формальдық және сызбалық.
Тезистердің өзара формальдық логикалық байланысы келесі тәсілдермен жүзеге асады:
- әр тезистің алдында қыстырма сөздің қолданылуы (біріншіден, екіншіден);
- мәселеге қатысты көзқарасты білдіретін фразалардың қолданылуы (ішкі факторсыртқы фактор);
- классификациялық фразалардың қолданылуы (іс-әрекет етістіктері, жағдайды
танытатын етістіктер).
Тезис келесі сөздік қолданыстардан басталуы мүмкін:
- Барлығымызға белгілі, бұл...
- Ерекше атап көрсету керек, ...
- Алайда...
- Мамандар өз міндеттерін шешуде...
Тезис ғылыми жанрдың нормаларына негізделген оның бір түрі болып табылады.
Сондықтан тезистерде өзге жанрлардың араласуы стильдік қана емес, коммуникативтік
тұрғыдан да өрескел қателік болып табылады. Сондай-ақ типтік қателердің бірі болып
саналатыны – тезисті реферат, аннотация, жоба, жоспар сияқты түрлі жанрлармен
шатастырып, араластырып жіберу. Мұндай араластырып жіберу автордың ғылыми-сөйлеу мәдениетінің жоқтығын байқатады. Тезисте сөйлеу мәнерінің біркелкілігі мен стильдік
тазалық талап етіледі, эмоционалды-экспрессивті анықтамалар, метафоралар және басқа
стильдің кірігуі болмау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет