2 БӨлім дәрістер кешені: дәрістер тезистері 1 тарау. МҮлікті иеліктен алудан туындайтын міндеттмелер: глоссарий


ТАҚЫРЫП: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ (ЗИЯТКЕРЛІК)



бет4/4
Дата02.10.2019
өлшемі314,5 Kb.
#49086
1   2   3   4
Байланысты:
1237 4-1-


11 ТАҚЫРЫП: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ (ЗИЯТКЕРЛІК)

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ 4 сағат

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді интеллектуалдық меншік құқығының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде интеллектуалдық меншік құқығының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері мен субъектілері.

2. Интеллектуалдық меншік құқығының түрлері. Авторлық құқық
1 Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығының ұғымы

мен түрлері.
Термин «интеллектуалдық меншік құқығы» отандық азаматтық құқық пен заңдар үшін жаңа термин болып табылады. Ол алғашқы рет Кеңес Үкіметі және республикалар азаматтық заңдары негіздерінде тек 1991 жылы бекітілген болатын. Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы объектілерін тану және қорғау мәселелерінің аса жоғары халықаралық маңызы бар. Қазіргі кезде, әлемде интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы мен оны қорғау шаралары жөнінде көптеген конвенциялар, халықаралық шарттар әрекет етеді. Қазақстан Республикасына әлем қоғамдастығынан шетте қалуға болмады, сондықтан 1992 жылдан бастап біздің мемлекеттін интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы саласындаңы заңдар, әйгілі ғалымдардың пікірінше, әлем тәжірибесіне сай етіліп жасалды. 1992 жылы маусым айында Патенттік заң қабылданды, ал 1996 жылы маусым айында «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заң қабылданды. Бірінші Патенттік құқық жеті жыл қызмет етті және 1999 жылы шілде айында, сол аттас жаңа Заң қабылданды. Және 1999 жылдан бастап «Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Интегралдық микросызбалар топологияларын қорғау туралы» және т. б. заңдар қабылданды. 2000 жылы сәүр айында бұрынғы екі ведомстволар – Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі Мемелекеттік агенство және Ұлттық патенттік ведомстволық Қазпатент қайта құрылып, оның орнына біртұтас Интеллектуалды (зияткерлік) меншік құқығы жөніндегі Комитет құрылған. Комитет қатарынан патенттік сараптамалар Институты құрылды, қазіргі кезде, ол интеллектуалдық (зияткерлік) құқықтың Ұлттық институты деп аталады. Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығын қорғау саласында аталған мемлекеттік органдардан басқа, маңызды рольді Қазақстан авторлар қоғамы деп аталатын қоғамдық ұйым атқарады.

Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік анықтамасы мен интеллектуалдық меншік объектісі ұғымы заңда берілмеген. ҚР АК 961 бабында жай ғана интеллектуалды (зияткерлік) меншік құқығы объектілерінің екі түрі аталады: 1) интеллектуалды (зияткерлік) шығармашылық қызмет нәтижелері мен 2) азаматтық айналымдағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді даралау құралдары. Кейін осы баптың екінші және үшінші тармақтарында аталған екі топ объектілерінің жіктелүі келтіріледі. Сонымен заң интеллектуалдық (зияткерлік) шығармашылық қызмет нәтижелеріне келесілерді жатқызады:

- ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

- орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру;

- өнертабыс, пайдалы үлгілер және өндірістік үлгілер;

- селекциялық жетістіктер;

- интегралдық микросызбалар (микротәсімдер) топологиялары;

- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);

Азаматтық айналымдағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді даралау

құралдарына келесілер жатады:

- фирмалық атаулар;

- тауарлық белгілер;

- тауарлар шығарылған (қызмет көрсету) жерлерлерінің атаулары.

2. Интеллектуалдық меншік құқығының түрлері. Авторлық

құқық.

Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы объектілеріне деген меншік құқығының пайда болу негіздеріне: оларды жасау немесе өкілетті мемлекеттік органмен құқықтық қорғауды қамтамасыз ету болады. Жасау фактісі - авторлық құқықтың пайда болуының негізі болады, ал өкілетті органмен құқықтық қорғауды қамтамасыз ету – патенттік құқықтың пайда болу негізі болады. Интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің барлық объектілерін «айрықша құқықтар» деген термин біріктіреді. Ол ҚР АК 964 бабына сәйкес, ол объектінің меншік иесімен, оны өз қалауы бойынша пайдалану кезіндегі, мүліктік құқығы болып танылады. Интеллектуалдық (зияткерлік) шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары, оларға деген мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болады. Авторлық құқықты оның иесінен ажыратуға болмайды және ол ешкімге еш уақыттаауыспайды. Авторлардың тек мүліктік құқықтарын, олардан ажыратуға және біреуге беруге болады.

Сонымен интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы келесі түрлерден тұрады: авторлық құқықтан және патенттік құқықтан.

Қазіргі кезде, Қазақстан интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы саласындағы көптеген халықаралық ұйымдарға қатысады. Қазіргі уақытта авторлық және патенттік құқықтарды қорғау маңызы өте зор. Осыған байланысты, патенттік құқық саласындағы мамандардың ролі де өте зор болады (патенттік сенім атқарушы).



Бақылау сұрақтары:

- Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері мен субъектілері.

- Интеллектуалдық меншік құқығының түрлері..


  • Авторлық құқық.

  • Патенттік құқық.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 9, 8, 11, 13.



12 ТАҚЫРЫП: МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді мұрагерлік құқық анықтамасы, сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде мұрагерлік құқық түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Мұрагерлік құқық ұғымы мен негіздері.

2. Өсиет және заң бойынша мұрагер болу.
1. Мұрагерлік құқық ұғымы мен негіздері.

Мұрагерлік құқық – ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы. Мұрагерлік құқықтың негізгі институты - мұрага ие болу, яғни қайтыс болған азаматтың мүлкінің, мүліктік құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаға оның мұрагерлеріне ауысуы болады. Мұраға алу, меншік құқығына ие болу негіздерінің бірі болады. Мұраға ие болу - ол әмбебаптық мирасқорлық болады. Әмбебаптық мирасқорлық негізінде мұрагерлерге мұра қалдырушының мүлкімен қоса онын жеке басымен тығыз байланысты, бөлуге болмайтын құқықтары мен міндетерінен басқа, өзге мүліктік құқықтары мен міндеттері деауысады.

Мұраға ие болу екі негіз бойынша пайда болады: өсиет және заң бойынша. Мұра қалдырушы тек азамат болады, ал мурагерлер – азаматтар да, заңды тұлғалар да және мемлекетте болуы мүмкін. Егер мұра жөнінде өсиет қалдырылмаған болса, онда мұраға ие болу заң бойынша болады. Мұраның ашылу уақыты болып, мұра қалдырушының қайтыс болған күні немесе ол қайтыс болды деп танылған күн (сот шешімінің заңды күшіне енген күні) саналады. Мұраны заң жүзінде қабылдап алу үшін алты айлық мерзім бекітілген. Мұраны алу заң жүзінде және нақтылы түрде болады. Заң жүзінде мұраны алу – ол, мұраның ашылған жері бойынша нотариалдық кенсеге өтініш жазу арқылы жасалады. Мұраның ашылу жері және уақыты, заң бойынша мұрагер болушылардың саны мен кезектері, жұбайының үлесі, мұрадан бас тарту, мұраға қалған мүлікті қорғау (оны сенімгерлікпен басқаруға беру), мұрагерлер арасында туындаған дауды шешу тәртібі және т.б. жөніндегі ұғымдарға тоқтау жөн болады. Мұрадан бас тарту қайталанбас болады, яғни мұрадан бір рет ғана бас тартуға болады.

2. Өсиет және заң бойынша мұрагер болу.
Өсиет – ол міндетті түрде жазбаша нотариалдық нысанада жасалатын бір жақты мәміле болады. Өсиет қалдырушы кез келген уақытта: өсиет мазмұнын өзгертуге немесе оған өзгерістер, қосымшалар еңгізуге, одан толық бас тартуға құқылы болады. Өсиетті күәландыру кезінде, нотариус, өсиетте аталған мүлікке деген құқықты күәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті емес.

Заң бойынша мураға ие болу үшін, мұрагерлердің кезектерін және, егер мұрагерлердің өз ара арнайы келісімінде өзгеше көзделмеген болса, келесі кезектегі мұрагерлер алдындағы кезектегілер болмаған жағдайда, мұраны алуға шақырылатыны жөнінде ережені білу жөн. Бірінші кезектегі мұрагерлер - мұра қалдырушының балалары, ата аналары және жұбайы болады. Оның балаларына туған балаларымен қоса, асырауға алынған балалары және ол қайтыс болғаннан кейін тірі тұған балалары да жатады. Өсиеттің мазмұнына қарамастан, мұрада олардың міндетті үлесі болатын мұрагерлерді атап өту қажет болады. Олардың үлесі, заң бойынша мұрагер болғандағы оларға тиесілі үлестің жартысынан кем болмауы тиіс. Нотариат туралы заңдар бойынша ондай мұрагерлердің нақтылы үлесін нотариус есептеп, оларға мұрадағы міндетті үлеске деген құқығы жөнінде күәлік береді.

Мұрагерлер өздеріне алған үлестері мөлшерінде, мұра қалдырушының қарыздары бойынша, мүліктік жауап қайтарады. Мұрагерлердің кез келгені, мұраның ашылған жеріндегі нотариалдық кеңсеге ол жөнінде арыз жазу арқылы, мұраны алудан бас тартуға құқылы болады. Мұрадан бас тарту: мұрагерлердің біреунің, өзге мүрагерлердің барлығының, мемелекеттің немесе заңды тұлғаның пайдасына және ешкімнің пайдасына емес жасалуы мүмкін. Бұл қалғандардың үлесінің өсуіне әкелдіреді. Өзге мұрагерлері болмаған жағдайда, мұраға қалдырылған мүлік иесіз деп танылып, мемелекетке көшеді.

Бақылау сұрақтары:

- Мұрагерлік құқық ұғымы мен негіздері.

- Өсиет және заң бойынша мұрагер болу.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 6, 7, 14.


13 ТАҚЫРЫП: ХАЛЫҚАРЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді халықаралық жеке құқық анықтамасы, сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде халықаралық жеке құқық түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Халықаралық жеке құқық ұғымы.

2. Коллизиялық нормалар және олардың құрамы.

1. Халықаралық жеке құқық ұғымы.

Халықаралық жеке құқық нормалары АК пен қоса Қазақстан Республикасының өзге заңдарында да болады (отбасылық, еңбек және т. б.).

Коллизиялық құқық мәселелерін реттейтін ҚР АК жетінші тарауы, құрылысы бойынша АК өз құрылысына ұқсас, сондықтан ол аталған тараудың нормаларын қолдануды жеңілдетеді. Халықаралық жеке құқық - халықаралық сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейді яғни, құрамында шетел элементтері бар қатынастарды. Бул қатынастарға азаматтар мен заңды тұлғалар қатысады, кей жағдайларда оларға мемлекет те қатысуы мүмкін. Коллизиялық нормалар ол ішкі заң нормалары, олар нақтылы бір жағдайларға байланысты дау туындағанда, қай мемлекет заңын қолдануға болатынын анықтайды.

«Құрамында шетел элементі бар» деген термин келесіні білдіреді:

- құқық қатынастарының субъектісі бойынша – құқықтық қатынас жағының бірі шетел азаматы немесе заңды тұлғасы болады;

- құқық қатынастарының объектісі - шетелде орналасқан мүлік болады;

- бұл құқық қатынасының қалыптасуына әкілдерген заңды факт шетелде жасалған болады (шарт жасау, мәміле, құқықбұзушылық және т.б.).

Халықаралық жеке құқық нормаларын қолдану, ол өте күрделі үрдіс болады және екі кезеңнен тұрады: 1)коллизиялық норманы қолдану, жалпы коллизиялық норманы қолдану қажет пе жоқ па, қай норма және қай мемлекет құқығына ол бізді жұмсайды. Бұл жерде келесі мәселе туындауы мүмкін: екі жақты міндеттеу жөнінде, реторсиялар жөнінде, құқықтық саралау жөнінде, артқа сілтеу және үшінші мемлекет заңына сілтеу жөнінде. 2) екінші кезеңде - коллизиялық норма сілтеген құқықты қолдану болады. Бұл кезең коллизиялық норманың өзін емес, материалдық ұлттық немесе шетелдік норманы қолдану кезеңі болады. Бұл жерде өзге сұрақтар туындайды: жария тәртіп, императивтік нормаларды қолдану және шетел құқығының мазмұнын анықтау.

Аталған жағдайларды толық түсіну үшін жоғарыда аталған терминдардың ұғымын білу жөн. Мысалы, екі жақты деген орыс тілінде екі мағынада қолданылады: кең және тар мағынада. Кең мағынада - ол мемлекеттердің бір бірін қадірлеуге, заңдарды тануға тырысуларын және т.б. білдіреді. Халықаралық жеке құқықта бул термин арнайы манызда қолданылады, мемлекетпен шетел құқығын қолдану немесе шетел субъектілерінің құқықтарының көлемін тағайындау, басқа мемлекетте ол қағиданы бекіттіме жоқ па ескере отырып (АК 1089 б.). Реторсия – ол бір мемлекетпен, оның азаматтарының құқықтарын шектеген мемлекет азаматтарының құқықтарын, қарсы шектеу ретінде жауап қайтару болады. Аталған қысқаша түсініктемелер халықаралық жеке құқық терминдарының ерекшеліктерін және арнайы түсіндіруді қажет болатынын көрсетеді.

2. Коллизиялық нормалар және олардың құрамы.

Халықаралық жеке құқығының негізгі нормаларына - құрамы екі бөлімнен: көлемі және коллизиялық байланыстырулардан тұратын коллизиялық нормалар жатады. Коллизиялық нормалардың саралануын білу қажет болады. Қысқа формулада айтылған, құқықты таңдау тәсілі болып танылатын, байланыстыру формуласын білу өте маңызды болады. Байланыстыру формуласының негізгілеріне: жеке тұлға заңы, заңды тұлға заңы, заттың орналасқан жерінің заңы, азаматтық-құқық қатынастардың жақтары таңдаған заң, актінің жасалған жерінің заңы, сатушы мемлекетінің заңы, әрекет ету орныңын заңы, құқықтық қатынас онымен тығыз байланысты болатын заң, жұмыс орнының заңы және сот заңы жатады. Халықаралық құқықта аталған заңдар латын тілінде аталады. Мысалы: жеке тұлғаның заңы болып, ол азаматтық алған мемлекеттің заңы саналады (ҚР АК 1094 б.). Жеке тұлғаның жеке заңымен: оның әрекет қабілеттілігі, ат алу құқығы және оны қорғау құқығы белгіленеді. Бірақта тұлғаны әрекетке қабілетсіз деп немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану, оны хабар ошарсыз кеткен деп немесе өлді деп тану - сот өткізілген мемлекеттің заңымен белгіленеді.



Бақылау сұрақтары:

- Халықаралық жеке құқық ұғымы.



- Коллизиялық нормалар және олардың құрамы.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 6, 7, 15.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет