2 дәріс. Балалар фольклоры (Балалар ауыз әдебиеті) «Балалар фольклоры»



бет1/14
Дата11.12.2021
өлшемі27,67 Kb.
#79021
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
2 дәріс
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, 596, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы

2 дәріс. Балалар фольклоры (Балалар ауыз әдебиеті)

  1. «Балалар фольклоры» ұғымы

  2. Балалар фольклорының жиналуы мен зерттелуі

  3. Балалар фольклорының үлкендер фольклорынан айырмашылығы

  4. Балаларға арналған халық өлеңдері

Мақсаты: Балалар әдебиетінде ауыз әдебиетінің алатын орыны. Фольклор туралы жалпы түсінік береу, теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Балалар әдебиетінің тарихи қалыптасу, даму жолдарын меңгерту. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру

  1. «Балалар фольклоры» ұғымы.

Көне мәдениетіміздің қай саласының болмасын қайнар көзі деп біз әрқашан да фольклорды танимыз. Дәстүрлі тәрбиенің де алтын тамырының сол фольклорда жатқандығы даусыз.

Бүгінде «фольклор» термині халықаралық көлемде өзінің бір кездегі «халық ауыз әдебиеті» деген ұғым шеңберін ұлғайтып, халық өнерінің музыка, қолданбалы өнер, халық ойындары сияқты салаларын толық қамтитын кең өріске ие болып отыр. Оның тәрбиелік ролін де осы кең мағынасында қарастырған жөн.

«Этнопедагогика – белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиесінің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық(түп-тұқияндық) ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына «этнос» түбірі қолданылады(этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.). Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы – халық педагогикасында өрнекті ұғым - әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының «этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы.

Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.

Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің түсініктемелеріне арқау бола алады.

Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан-дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан.

Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін жетінші қарасөзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді. Сонымен, балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.

«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келгенін, мәселен, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді балаларға лайықты іріктеп, өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын “балалар фольклоры” деген ұғымға толығымен жатқызуға болмайады. Ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-әңгімелер, төрт түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет