детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату
қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар
мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) ӛндіріс факторларының
(ресурстардың) бағалары; б) ӛндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ
бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың кӛлемі; ғ) сатушылардың
саны; т.б. Ұсыныс кӛлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В), мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен
субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар.
2. Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңының графикалық кӛрінісі. Ол сатушылардың
әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің кӛлемін кӛрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң
кӛлбеулі болып табылады.
3-сурет. Ұсыныс қисығы
Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылардың ортақ
мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің орнауына алып келеді.