Ток көзі ретінде сілтілі аккумляторды немесе түзеткішті қодануға болады; айнымалы токта та демонстрация жақсы шығады, бірақ бұл жағдайда автотрансформатор немесе реостат қолдану керек. Тогы бар өткізгіштердің әсерлесу күшін есептеуге және өлшеуге болады. Оқулықта берілген ампердің анықтамасын оқушыларға жаттатып керек емес; олар тек ток күшінің өлшем бірлігі – ампер – тогы бар өткізгіштердің өзара әсерлесуі негізінде тағайындалатындығы жайында түсіктері бар болса жеткілікті. Ток күшінің «ампер» бірлігі бойынша электр мөлшерінің бірлігі «кулон» тағайындалады. Кернеу Кернеу ұғымын қалыптастыруды мынадай кезеңдерге бөлу ұсынылады: 1.Ток көздерінің кернеуі туралы түсінік беру. 2.Кернеудің ток көзі тудыратын электр өрісін сипаттайтынын көрсету. 3.Тізбектің бөлігіндегі кернеу туралы ұғымды енгізу. Кернеу ұғымын енгізудің бірінші кезеңі шамамен мынадай болуы керек. Токтың әртүрлі әсеріне шығындалатын энергияны үздіксіз толықтырып тұратын ток кзі болмаса, электр тогы ұзақ уақыт жүріп тұра алмайтыны оқушыларға ескертіледі. Әрі қарай ток көзінің тізбекте ток тудыру «қабілетін» сипаттау қажеттілігі туралы айтылады. Сілтілі аккумлятордан, 3,5 В лампылардан және жалғастырушы сымдардан тұратын тізбек құрастырылады. Алдымен ток көзі ретінде сілтілі аккумлятордың бір қалбырын алады. Лампы әрине жанбайды. Сонан соң сілтілі аккумлятордың екі қалбырын алғанда лампы жанады, бірақ күнгірт болады. Егер үш аккумлятордан тұратын батареяны алсак, лампы жеткілікті түрде жарық болып жанады. Бұл жағдайда ток көзі лампының жануына қажетті электр тогын туғыза алтындай күйде дейді. Әрбір ток көзін кернеу деген ерекше шамамен сипаттауға болады. Қай ток көзі басқа бірдей жағдайларда тізбекте ток көп туғызса, соның кернеуі көп болады. Екінші кезеңде ток көзі электр өрісін тудыратынын түсіндірген жөн. Ток көзінің кернеуі неғұрлым көп болса, оның тудыратын өрісі де соғұрлым күшті болады. Сонымен, кернеу – электр тізбегіне әсер ететін және онда электр тогын тудыратын электр өрісін сипаттайды. Үшінші кезеңде кернеу ұғымы мен кернеу бірліктерінің дәл анықтамасына көшеді.
Біреуі, 127 В жарықтандыру желісіне қосылатын, жарықтандыру лампысынан, екіншісі – 4,5 В батарейкадан қоектенетін, қалта фонарының лампысынан тұратын екі тізбек құрастырылады. Егер жарықтандыру лампысы 25 Вт болса, онда шамамен екі лампыдағы ток (0,2А) бірдей болады, ендеше, уақыт бірлігінде лампылардан бірдей электр мөлшері ағып өтеді. Бірақ жарықтандыру лампысы қалта фонарының лампысына қарағанда жарықты әлденеше есе көп шығарады.
Әрине, қалта фонарының лампысына қарағанда, жарықтандыру лампысынан белгілі бір электр мөлшері өтуі үшін көп мөлшерде энергия қажет болатыны өзінен-өзі түсінікті. Қуат туралы да осыны айтуға болады. Жарықтандыру лампысы тұтынатын қуат қалта фонары тұтынатын қуатқа қарағанда көп.
Мұнда тғы да, екі тізбекте ток бірдей, бірақ тізбектердің ток көздерінде айырмашылық бар, дәлірек айтқанда, кернеулері әртүрлі екенін айта кеткен жөн.
Кернеу бірлігі Кернеу тізбектен 1 Кулон заряд өткенде жасалатын жұмысқа тең шама ретінде енгізілген. Бірлік кернеуге тізбек бөлігінде, егер онда 1 Кл тең электр мөлшері өтетін болса, 1 Дж жұмыс жасалған кездегі кернеу ретінде қабылдау табиғи нәрсе. Бұл бірлікті италяндық ғалым Вольттің құрметіне вольт деп атайды. Токқа қарағанда кернеуді күшті немесе әлсіз деп атамайтынын, ал оны жоғары немесе төмен деп атайтынын оқушыларға айту керек. Жоғарғы кернеу өмір үшін қауіпті. 60 В жоғары кернеу қауіпті деп есептелетінін оқушыларға ескерту керек, одан да төменірек кернеу де өмір үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан электр тізбегімен жұмыс істегенде оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары керек екенін ескерту керек. Өткізгіштер кедергісі Өткізгіш кедергісі ұғымын тәжірибенің негізінде енгізеді. Аккумлятор батареясынан, 1 А-ге арналған шунты бар демонстрациялық амперметрден, қалта фонарының лампысанан және кілттен тұратын схема құрастырылады. Жалғастырушы мыс сымдардың көлденең қимасы үлкен әрі қысқа болады. Тізбекті тұйықтап, лампының жарық жанғаны бақыланып, амперметрдің шкаласымен есептеу жүргізеді. Мыс сымды жіңішке және ұзын никелин сымымен алмастырып, тәжірибені қайталайды. Сонда лампы аздап жарық шығарады да, амперметр өте аз ток көрсетеді. Тағы да бір никелин өткізгішті қосқанда , токтың одан да азаятынын байқайды. Бұдан мынадай қорытынды шығуы сөзсіз: өткізгіштер токқа әсер етеді немесе олар токтың жүруіне кедергі жасайды дейді. Кернеулері бірдей екі өткізгіштің қайсысында ток аз болса, соның кедергісі көп болатыны өз-өзінен түсінікті.
Кедергінің бірлігі 1 Ом есебінде ұштарындағы кернеу 1 В болғанда 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі алынады.
Оқулықта кедергі ұғымын енгізуден бұрын, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі анықталады. Эксперименттік жолмен ток күшінің кернеуге пропорционалдығы, ал өткізгіштің формуласымен нықталатын ерекше шама – кедергімен сипатталатындығы тағайындалады. Кедергіні осындай жолмен енгізуге де болады.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Омның тізбектің бөлігіне арналған заңы түрінде эксперимент жүзінде тағайындалады. Мынадй түрде жинақтауға болатын, тәжірибелер мен қондарғылардың әрқайсысының өзіне тән көп сипаттамалары бар: а)резисторларын ауыстыру жүзеге асырылатын қондырғылармен жасалатын тәжірибе; б)демонстарциялық кедергілер магазинімен жасалатын тәжірибе және демонстарциялық реохордпен жасалатын тәжірибелер. Осы тәжірибелердің бәрінде демонстарциялық амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады.
Өткізгіш кедергісін есептеу. Меншікті кедергі. Реостаттар
Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына, материалдың көлденең қимасының ауданына тәуелділігін де тәжірибемен тағайындауға болады.
Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 1мм2 материалдан дайындалған өткізгіштің кедергісі ретінде меншікті кедергі ұғымы енгізіледі. Меншікті кедергі анықтамасының негізінде кедергі формуласын енгізеді: .
Сосын жүгіртпелі ресотаттарды демонстрациялайды. Оқушылардың назарын ресотаттарды дайындау үшін меншікті кедергісі үлкен материалдан жасалған сымды қолданатынына аударады. Оқушыларға ресотаттарды не үшін қолданатынын айтып, оны тәжірибеде көрсету керек.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу бойынша демонстрацияны өткізу үшін панелге екі схеманы жинау пайдалы (а,б):
Достарыңызбен бөлісу: |