2. Философия тарихындағы болмыс мәселесі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,92 Kb.
#86459
  1   2   3   4
Байланысты:
философия


Болмыс категориясы
Болмыс философиялық категориялардың ішіндегі бастылардың бірі. Болмыс онтологияны (грекше ontos - мән, мәніс (сущее); logos - ілім деген сөздер) жан-жақты түрде зерттейді.
Болмыс - дүниеде барлық нәрсенің өмір сүріп отырғанын және олардың ең маңызды қасиетін - бар болуды, нақты өмір сүруді білдіреді. Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясының ауқымы кең, мазмұны терең. Болмысқа қарсы категория - «бейболмыс» ұғымы.
Болмыс ұғымы руханилық пен материалдылықты қамтиды. Яғни болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты - мән деп атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақытта қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, үдерістердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Идеалды болмысты ақиқат болмысы деп танитын ойшылдар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет