60.Президенттің Қазақстан халқына бірінші жолдауы «Қазақстан 2030 стратегиясы» Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
1)Ұлттық қауіпсіздік 2)Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы 3)Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу.
4)Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі 5)Энергетикалық қорлар 6)Инфрақұрылым 7)Кәсіпқой мемлекет.